Қазанда ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер келеді

3 Қыркүйек 2020, 12:43
1895
Бөлісу:
Қазанда ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер келеді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазан айынан бастап еліміздің шалғай аудандарына жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастайды.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты. 

Оның айтуынша Президент Жолдауында әсіресе ауыл медицинасын дамытуға ерекше көңіл бөлген. Осы орайда ауылдарда сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алу көзделген.
Кешен ультра дыбыстық зерттеу, цифрлық рентген, гинекологиялық тексерулерге қажетті құрылғылар, ЭКГ, зертханамен және өзге де заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады. Осындай кешендер ауылдарға қазан айында аттанада бастайды, - деп атап өтті ол. 
Сондай-ақ, Марат Шоранов осы жылы жедел жәрдем қызметін отандық «БРК-Лизинг» АҚ автокөлігімен қамтамасыз етілетінін айтты. Осы мақсатта 1167 техника сатып алынбақ. Министрлік аудит жүргізіп, денсаулық сақтау ұйымдарына қажетті көлік техникасының тізімін анықтаған. Бірінші кезекте ауылдық жерлердің қажеттілігін 100 пайызға дейін жабу көзделіп отыр
Өзгелердің жаңалығы