Все новости за 27 қараша 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қараша - 2 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Елордада 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басынан бері қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына 18 мың адам жүгініп, оның 10 мыңы жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Жапондар терідегі кемшілікті жасыратын спрей ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапон компаниясы тері кемшіліктерін жасыратын спрей жасап шығарды. Бұл спрейге "екінші тері" деген атау берілген, деп жазады Massaget.kz.
-
Баланың сау тісін жұлып алған дәрігер өтемақы төлейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз соты моральдік зиянды өтеу туралы істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Мереке қарсаңында аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсан күніне орай әлеуметтік төлемдер әлеуметтік осал санатқа жататын қала тұрғындарына көрсетіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Тараз тұрғынының салық бойынша берешегі жарты миллионнан асып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығы бойынша ең көп берешегі бар 20 азаматтың тізімін жариялады. Ең үлкен берешек көлемі 610 040 теңгені құраса, ТОП-20 рейтінгісінің соңында 78 407 теңге қарызы бар азамат тұрақталды.
-
Грекияда жер сілкінісі салдарынан эвакуация жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер мен келген шығын туралы мәлімет жоқ. Бірақ БАҚ аралда эвакуациялық шаралары туралы ақпарат таратып жатыр.
-
Елбасы Тұңғыш президент күніне арналған концертке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Концерт алдында Елбасы "Тарихи таңдау" көрмесін аралап көрді.
-
Елордада инклюзивтік білім беру кабинеті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов №88 жаңа мектеп-лицейіне барды. Оқу орны 1200 орынға есептелген, №75, №84 және №85 мектептердің шамадан тыс жүктелуі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
-
Президент Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты.
-
Қазақстан елшісі сенім грамоталарын табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қарашада Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшісі Нұрбах Рүстемовтың Румынияның президенті Клаус Йоханниске сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
-
Алматы облысында 400 жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсан айында Тұңғыш президент күніне және тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы облысында жалпы саны 36 жаңа нысан ашу жоспарланған, соның нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
-
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңестік қызмет жобасы қорытындыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашаның 27-і Нұр-Сұлтанда "Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңестік қызмет" жобасын іске асыру аясында қорытындылау іс-шарасы өтті.
-
Қарағанды облысында "Еңбек" бағдарламасына 43 мыңнан астам адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Атырауда 100 метрлік бірегей құрылғы жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада Атырауда ең үлкен ірі габаритті "сплиттер" бағанасын тасымалдау операциясы басталды.
-
Семей тұрғыны қағаздан көз жауын алатын бұйымдар жасайды
Семейлік шебер түрлі техника, ғимараттар мен ойыншықтарды қағаздан құрастырады.
-
Тоқаев пен Жээнбеков бірлескен мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан делегацияларының арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады.
-
Мамин құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин уәкілетті министрліктердің, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰЭП) басшылары мен ҚР құрылыс бизнесі өкілдерінің қатысуымен құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
-
Бішкекте Абай ескерткіші орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шағын құрамдағы кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысын өткізді.
-
Роман Григорчук "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойын туралы: Жас ойыншылар келсе де, біз үшін үлкен оқиға
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойында қазақстандық команданың дайындығы мен жеңіске деген мүмкіндігі туралы айтты.
-
Рүстем Биғари: IТ-мамандықтар ғана емес, дата-аналитиктер мен журналистер сұранысқа ие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау бойынша жаңа ережелер мен жаңа талаптар енгізбекші.
-
"Манчестер Юнайтед" күнде келіп жатқан жоқ – "Астана" футболшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Маевский 28 қарашада Еуропа Лигасының топтық раундындағы "Манчестер Юнайтедпен" өтетін матч алдындағы дайындығымен бөлісті.
-
Елге оралмаған "болашақтықтар" бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Болашақ" халықаралық бағдарламасымен шетелде оқып, Қазақстанға оралмаған түлектер бар. Яғни, шетелде қалып қойғандар бар.
-
Ұлттық архивте Тұңғыш президент күніне арналған құжаттық көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР президенті архиві және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, Тұңғыш президент күніне орай "Елін сүйген Елбасы" атты құжаттық көрмесін өткізді.
-
Атырау облысында "Ауыл - ел бесігі" жобасы іске асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында Махамбет аудан орталығында 4 жоба іске асырылуда, деп хабарлады Атырау обылсының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Вице-министр өзінің қанша жалақы алатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын үміткерлерге тағайындау нәтижелері бойынша өткен баспасөз конференциясының кулуарында білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қанша жалақы алатынын айтты.
-
Тоқаев пен Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президентін "Ала-Арча" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
-
Вице-министр: Докторантураға тек білім алу үшін емес, нақты тапсырмамен баратын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл комиссия шешімімен 234 үміткерге "Болашақ" стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура мен докторантурада білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетін болады.
-
Ақтөбеде полицейлер ер адамды ұрып-соққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камераға полицейлердің ұсталған адамды ұрып жатқаны түсіп қалған.
-
Ақтауда көлікті өртеп жібермек болған екі бойжеткен видеоға түсіп қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бойжеткендер алдымен көлікті өртемек болды, кейіннен оның дөңгелегін тесіп тастады, деп жазды lada.kz.
-
1991 жыл. Назарбаев келеді. "Әлібаева ән айтсын"
1991 жыл, Петропавл қаласы. Николай Погодин атындағы орыс драма театрының көрермен залы лық толды.
-
Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды
Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
-
Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шараларын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Н. Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының "Қоғамдық сананы жаңғырту және шетелдік қазақтар" атты V-құрылтайында отандастарды жан-жақты қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.
-
Назарбаева ерекше актерлер театрының жас әртістерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мен сенаторлар ерекше актерлер театрының "Біздің қанымыз бір" спектакліне барды.
-
Алдағы бес жылда Алматыға тартылатын инвестиция көлемі 9 трлн теңгеге жетеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылы Алматыға тартылған 800 млрд теңге инвестиция тартылған болса, оның 150 млрд ғана бюджеттік инвестиция. Ол мектеп салу, жол жөндеуге жұмсалған. Қалғанының барлығы жеке инвестициялар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг кезінде айтты.
-
Тоқаев Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сооронбай Жээнбековпен бірге Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды.
-
Жол ережелерін сақтаңыздар – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел мәліметтер бойынша өткен аптада 210 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 39 адам қаза тауып, 289 адам жарақат алды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
-
Шекарадан заңсыз алып өтпек болған 76 бас ірі қара мал қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұсталған азаматтар жүктерімен бірге Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.
-
Алматы әуежайына жаңа терминал салынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы инвест форумы аясында 2,3 млрд доллар сомасында 31 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту жобасы да бар.
-
Театр директоры Ержанға дауыс беруде селқостық танытқан көрермендер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемиров Junior Eurovision-2019 байқауына қатысқан Ержан Максимге дауыс беруде селқостық танытқан көрермендерді сынады.
-
Пара алғаны үшін мектеп директорына 9 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры пара алғаны үшін сотталды.
-
"Қатты қиналып жүрмін". Ержан Максимнің Ресейдегі оқуы қалай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Junior Eurovision-2019 байқауынан жүлделі екінші орынмен оралған Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек ұлының Ресейдегі оқуы туралы айтты.
-
Ержан Максим: "Сенің қызың болайыншы" деп жазатындар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Junior Eurovision-2019 байқауынан жүлделі екінші орынмен оралған Ержан Максим мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесіп, байқаудан алған әсерімен бөлісті.
-
Ақтоты Райымқұлова Ержан Максимді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Junior Eurovision-2019 байқауынан жүлделі екінші орынмен оралған Ержан Максимді қабылдап, анасы мен жас әншіге гүл шоқтары мен сыйлық табыс етті.
-
Абаев: Бұл игі бастама қайырымдылық жасау мәселесін жаңа деңгейге көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ана есімін ардақтаған құлшылық үйі - "Әлжан Ана" мешітінде садақа қабылдауға арналған QIWI электрондық терминалының тұсаукесері өтті.
-
Сауда-экономикалық қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілуіміз керек – Татарстан өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Президенттік институт: Қазақстандық модель" халықаралық парламенттік конференциясында сөз сөйлеген Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин екі елдің тілі ұқсас болғандықтан, сөзін қазақ және татар тілінде араластырып айтты.
-
Флоридада гитара тәрізді ерекше қонақүй ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Флорида штатының Голливуд қаласында алып гитара қалпындағы керемет қонақүй ашылды.
-
Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды.
-
"Астана" - "Манчестер Юнайтед" ойынын қайдан көруге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қараша күні "Астана Арена" стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы "Астана" - "Манчестер Юнайтед" ойынын Qazaqstan ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
-
Ақтауда үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді.
-
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының есімдері жарияланды
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына əр номинация бойынша 600 мың теңге сомасында қаржылай сыйлық беріледі.
-
Елордада Тұңғыш президент күніне орай Халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордада "Президенттік институт: Қазақстандық модель" халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр.
-
2,5 млн адам таза ауызсуды пайдалана алмай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров ауылдық елді мекендердің 51%-ы бұрынғыша таза ауызсуды пайдалана алмай отырғанын айтты.
-
Қостанайда полицей алаяқты жалаңаяқ қуған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайлық учаскелік полицей зейнеткерді алдап, ақшасын алып алмақ болған алаяқты жалаңаяқ қуған.
-
500 теңгелік монеталар айналымға қашан шығатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан Quraq kórpe коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан Kόbelek. Lasiommata maera коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
-
Алматы инвестклимат бойынша жетекші орынға ие – Алматы әкімі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік банктің рейтингісінде Алматы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстанның барлық өңірі арасында бірінші орында тұр.
-
Қазақстандағы ірі қараның тірідей шетке сатылуы алаңдатады – "Ауыл" партиясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемі жыл сайын артып келеді.
-
Туристерді тартуда Алматының мүмкіндігі жоғары – Йохан Бербнер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының географиялық орналасуының арқасында, қазір тұрғындар саяхатқа, атап айтқанда, Қытайдан, Үндістаннан, Ресейден туристерді тартуға үлкен мүмкіндігі бар.
-
Ұрпағымыз ГМО-сыз тағам жеу керек – "Ауыл" партиясы
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан 16 съезде "Ауыл" партиясы "Азық – түліктегі ГМО-ға қарсы" атты тағы бір саяси бастамасын жариялады.
-
Қазақстан су тапшылығын бастан кешіп отырған елдердің қатарында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатында Қазақстанның су қауіпсіздігі: жай-күйі, проблемалар мен ұсынымдар тақырыбында үкімет сағаты өтіп жатыр.
-
Қалмұханбет Қасымов Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.
-
Қазір Алматыға инвестиция салатын ең қолайлы уақыт – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Алматы инвест форумы барысында айтты.
-
"Ауыл" партиясы еңбек адамының беделін көтеретін жаңа бағдарлама ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. "Ауыл" партиясы жобалық жұмыстарды жандандыру мақсатында саяси бастама жариялады.
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін қолдаймыз – "Ауыл" партиясы
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан партия съезінде саяси ұйым басшысы Әли Бектаев айтты.
-
"Ауыл" партиясының болашағына күмәнмен қарағандар болды – Бектаев
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қайта құрылғанынан бері 4 жыл өтті. Бұл партия үшін тағдыршешті кезең болды.
-
Алматыда инвест форум басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда шетелдік қаржыгерлер мен инвесторлардың қатысуымен Алматы инвестициялық форумы басталды.
-
Қазақстан шетелге 21 млн АҚШ долларына шоколад сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінен өндіріліп, экспортталған тауардың 9 пайызы шоколад және кондитерлік өнімдер, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
-
Астанада "Ауыл" партиясының кезекті съезі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін елордада "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезі өтіп жатыр.
-
"Манчестер Юнайтед" клубы елордаға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уле-Гуннар Сульшер шәкірттері ертең "Астанамен" алаңға шығады.
-
Алпыс жыл бұрын Елбасымен бірге еңбек еттім – ШҚО тұрғыны
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Заңғар биікті бағындыруда қандайда бір жетістікке жету жолын нұсқаған Елбасының сөзін өмірлік қағида еткен жармалық Әділхан Мұқатаев алпыс жыл бұрын Теміртаудағы шойын қорыту зауытында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен иық тірестіре еңбек еткен азаматтың бірі.
-
Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Белағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелін солярка құйып, өртеп жіберген.
-
Елордада "Елін сүйген Елбасы" кітап көрмесі өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш президент күніне орай №5 көпшілік кітапханасының оқу залында "Елін сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі өтуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Талдықорғандық полицейлер өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда полицейлер көпқабатты үйден секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды.
-
Елімізде өнерге құйылатын инвестиция көлемі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өнер мен демалысқа құйылатын инвестиция бір жарым есеге өсіп, рекордтық 119 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
-
Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қараша күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына Жапонияда жаттыға алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына қатысты оқу-жаттығуларын Жапонияда өткізе алады.
-
Колумбияда халық ереуілі ушығып барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның астанасы Боготада халық ереуілі осымен 5 күн жалғасып келеді, деп хабарлайды 24.kz.
-
"Медеу" халықаралық ірі турнирді қабылдауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Медеу" мұз айдыны конькимен сырғанау бойынша 2021/2022 маусымдағы Бүкіләлемдік кубоктің финалдық кезеңін өткізу құқығын иемденуге таласып көрмек.
-
Нұр-Сұлтанда Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған "Елбасы және мәдениет" көрмесінің тұсаукесері өтті.
-
Елімізде 18 млн-нан астам теміржол билеті сатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 10 айында 18 млн-нан астам теміржол билеті сатылды.
-
Тереңкөлде Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп жанындағы интернат ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл - ел бесігі" аясында Павлодар облысының Тереңкөл ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Африка елдерінде қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, қызылшадан жыл сайын 110 мың адам көз жұмады. Ғалымдар бұл ауру ең алдымен Африка елдері үшін қауіпті екенін ескертуде, деп хабарлайды 24.kz.
-
Қарағанды облысының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттар азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының кәсіпорындарында жұмысшылар сирек жарақат ала бастады.
-
Тұрғын үй сертификаты деген несиенің бір түрі ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін жандар өзінің санатқа кіретіндігін растайтын құжатты жергілікті жердегі тұрғын үй қатынастар бөліміне апарып тапсырып, сол жерден банкке жолдама алады.
Наверх