Атырауда 100 метрлік бірегей құрылғы жасалды

27 Қараша 2019, 19:53
2247
Бөлісу:
Атырауда 100 метрлік бірегей құрылғы жасалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада Атырауда ең үлкен ірі габаритті "сплиттер" бағанасын тасымалдау операциясы басталды.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Пропанды/пропиленді ажыратуға арналған жабдық "АтырауНефтеМаш" ЖШС-нің зауытында жасалды. Бұл – мұнай және газ химиясы салалары үшін техника шығаратын бірегей кәсіпорын.

Жобаның басшысы Азамат Ізтелеуовтің айтуынша, бағананың салмағы 1400 тонна, ұзындығы 105 метр, биіктігі  11 метр. Ол жеті жеке секциялардан құралған, бірақ белгіленген жеріне тұтастай жеткізіледі.

WhatsApp Image 2019-11-27 at 15.38.20.jpeg

Ол зауытта Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев болды. Жабдықтың жеткізілетін жері -  Қарабатандағы интеграцияланған газхимия кешенінің құрылыс алаңшасы.

Өңір басшысы атап өткендей, бұл - бірегей жабдық, сондықтан, оны белгіленген жеріне жеткізу де ерекше тәсілдемені қажет етеді. Жасалған кезде де, тасымалдауда да қалыптан тыс инженерлік шешімдер қолданылды. Құрылғының өзінің салмағы аса ауыр болғанымен (1400 тоннадан астам), оны таситын модульдік тасымалдауыштың (транспортер) әр білігіне түсетін жүктеме 10 тоннадан аспайды, сондықтан, жолдың жабыны бұзылмайды.

WhatsApp Image 2019-11-27 at 15.38.20 (2).jpeg

Жобалаушылардың ақпаратынша, тасымалдау төрт күн бойы, жарық кезеңде, сағатына 3 шақырым жылдамдықпен іске асырылады.

Бүкіл қозғалыс маршруты барлық инстанциялармен келісілді, ал, элеватор маңындағы темір жол арқылы салынған көпірден өту үшін айналма жол салуға тура келді. Сондай-ақ, колоннаның өтуіне кедергі жасайтын арканы, бағдаршамдарды, көптеген жол белгісін демонтаж жасау қажет болды. Жүгіміз өткен соң бұның барлығы қалпына келтіріледі, - деді жобаның басшысы Азамат Ізтелеуов.       

Айта кетейік, ірі габаритті бағана "Ұлттық индустриалдық мұнайхимиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймағында орналасқан интеграцияланған газхимия кешенінің жобасында қолданылатын болады. Объектіні 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр.  Жоба жылына  500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге жобаның құрылыс алаңшалары 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.


Өзгелердің жаңалығы