Тоқаев Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды

27 Қараша 2019, 15:27
9978
Бөлісу:
Тоқаев Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сооронбай Жээнбековпен бірге Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды.

ю2.jpg

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттер басшылары 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға орнатылған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барып, рухына тағзым етті, - делінген хабарламада. 
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барғаны хабарланған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы