Мереке қарсаңында аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

27 Қараша 2019, 22:05
3404
Бөлісу:
Мереке қарсаңында аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсан күніне орай әлеуметтік төлемдер әлеуметтік осал санатқа жататын қала тұрғындарына көрсетіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы елорда тұрғындары жәрдемақы алады. Бұл санатқа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен адамдар кіреді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде анықталады.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, елордада кедейлік шегі 25398 теңге деңгейінде белгіленді.  Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшері 4,5 АЕК немесе 1363 теңгені құрайды.


Өзгелердің жаңалығы