Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты басталды

27 Қараша 2019, 23:45
4554
Бөлісу:
Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қараша - 2 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған әлем біріншілігінде бір жылдан соң Токиода басталатын Олимпиада ойындарына жолдама таратылады. Әлемдік сынды 1-ден 8-орынға дейінгі аралықта аяқтаған гимнастар автоматты түрде 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болады. 

Дүниежүзілік додаға Қазақстан командасы да қатысады. Лицензиялық әлем чемпионатында Пірмаммад Әлиев, Данил Мұсабев, Игорь Грачев және Данияр Түсіпов сынға түседі. 

Өзгелердің жаңалығы