Тараз тұрғынының салық бойынша берешегі жарты миллионнан асып кеткен

27 Қараша 2019, 21:47
3164
Бөлісу:
Тараз тұрғынының салық бойынша берешегі жарты миллионнан асып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығы бойынша ең көп берешегі бар 20 азаматтың тізімін жариялады. Ең үлкен берешек көлемі 610 040 теңгені құраса, ТОП-20 рейтінгісінің соңында 78 407 теңге қарызы бар азамат тұрақталды.

Мемлекеттік кірістер органдарымен аталған салықтар бойынша салықтарын ұзақ мерзім төлемей жүрген жеке тұлғаларды төлемге тарту үшін заңдылыққа сәйкес тиісті іс шаралар жүргізіледі, яғни, салықтық берешегі туралы хабарламалар жолданады, салық берешегін өндіру бойынша салық бұйрықтары шығарылады. Сонымен қатар, салық берешегін мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларына тиісті құжаттар жолданады.
Жоғарыда атқарылған жұмыстарға қарамастан, 2019 жылдың 21-ші қарашасына Жамбыл облысы бойынша 82 067 жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек сомасы 138,0 млн.теңгеден асып отыр, - делінген департаменттің хабарламасында.

Оның ішінде ірі көлемде берешек сомалар келесідей салық төлеушілерге тиесілі:

1.    Нурматова Гулнара Дуановна – салық берешегінің сомасы – 610 040 теңге (Тараз қаласы);

2.    Токенов Муратали Садибекович - салық берешегінің сомасы – 240 221 теңге (Тараз қаласы);

3.    Абашев Батырхан Турарович - салық берешегінің сомасы – 176 336 теңге (Тараз қаласы);

4.    Фазилов Турдимурод Мурадыллаевич - салық берешегінің сомасы – 174 606 теңге (Тараз қаласы);

5.    Токсанбаев Ерлан Макулбекович - салық берешегінің сомасы – 168 122 теңге (Тараз қаласы);

6.    Сутибаева Рахат Кемешовна - салық берешегінің сомасы – 166 364 теңге (Тараз қаласы);

7.    Кубигенова Кумисай Бимурзаевна - салық берешегінің сомасы – 170 025 теңге (Тараз қаласы);

8.    Кенжебаева Толкын Аскаровна - салық берешегінің сомасы – 124 505 теңге (Тараз қаласы);

9.    Исаков Жумабек Жумашевич - салық берешегінің сомасы – 87 619 теңге (Тараз қаласы);

10. Ахтемова Барно Хасановна - салық берешегінің сомасы – 83 204 теңге (Тараз қаласы);

11. Буланбаев Эркин Батыралиевич - салық берешегінің сомасы – 101 818 теңге (Тараз қаласы);

12. Айнакулов Ильяс Талгатович - салық берешегінің сомасы – 102 392 теңге (Тараз қаласы);

13. Усенбаева Анаркуль - салық берешегінің сомасы – 81 469 теңге (Тараз қаласы);

14. Кожумова Нагымаш Базыловна - салық берешегінің сомасы – 80 973 теңге (Тараз қаласы);

15. Базаркулова Саним - салық берешегінің сомасы – 88 425 теңге (Тараз қаласы);

16. Искаков Рахымжан Амангелдиевич - салық берешегінің сомасы – 117 768 теңге (Тараз қаласы);

17. Карибаева Ира Жамбуловна - салық берешегінің сомасы – 103 766 теңге (Тараз қаласы);

18. Мадазимова Лолахон Мухаматмурат-кызы - салық берешегінің сомасы – 98 446 теңге (Тараз қаласы);

19. Ахмеджанова Марзия Керимбаевна - салық берешегінің сомасы – 73 189 теңге (Тараз қаласы);

20. Джанабаева Гульбахира Ергешевна - салық берешегінің сомасы – 78 407 теңге (Тараз қаласы). 

Жоғарыда аталған ТОП-20 салық төлеушілердің мүлік салығы бойынша жалпы берешек сомасы 2 927 695 теңгені құрайды.

Салықтық берешектің, оның ішінде көлік құралына салығы бойынша берешектің бар жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында "Электронды қызмет" - "Салықтық берешектің жоқ (бар) екені туралы мәлімет" бөлімінде ЖСН енгізу арқылы, сондай-ақ "Электронды үкімет" порталында не жергілікті жері бойынша МКБ тексеруге болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтары бюджетке 1 қазаннан кешіктірілмей төленетіні туралы салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

 

Өзгелердің жаңалығы