Флоридада гитара тәрізді ерекше қонақүй ашылды

27 Қараша 2019, 13:22
8338
Бөлісу:
Флоридада гитара тәрізді ерекше қонақүй ашылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Флорида штатының Голливуд қаласында алып гитара қалпындағы керемет қонақүй ашылды.

Segodnya.ua мәліметіне сәйкес, Атлант мұхитының жағалауында биіктігі 130 метрге жететін гитара-қонақүй орналасты. 

Аталмыш ғимараттың құны бір жарым миллиард долларды құрады. Оның ішінде 800 бөлме, бизнес-орталықтар, мейрамханалар, дүкендер, спа-салондар, тіпті театр да бар көрінеді. 


Қонақүйде түрлі бассейндер жасақталған, сондай-ақ жасанды өзен де қойылған. 

Ғимараттың орталық кіреберісінде сағат сайын субұрқақтар әртүрлі түске боялып, музыка ырғағына сәйкес ойнайды. 

Қонақүйге бір түн қонып шығу үшін 200 доллардан бастап 600 долларға дейін ақша шығындауыңыз қажет болады.

 

Өзгелердің жаңалығы