Тереңкөлде Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп жанындағы интернат ашылады

27 Қараша 2019, 03:31
1738
Бөлісу:
Тереңкөлде Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп жанындағы интернат ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл - ел бесігі" аясында Павлодар облысының Тереңкөл ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Атап айтқанда, Тереңкөл ауылында бес көшеге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолдары абаттандырылды. Аудан орталығында орналасқан А. Текенов атындағы мектептің жылу магистралі, аудандық спорт мектебінің стадионы қайта жөнделді.

Бұдан басқа, ауылда көп жылдар бойы қаңырап бос қалған мешіт ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, А. Текенов атындағы мектеп жанындағы интернат ашылады. Мұнда шалғай ауылдардан келген 20 мектеп оқушысы орналастырылады.

Мектеп директоры Евгения Мартыненконың айтуынша, нысан Тəуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі.
Жобаның құны - 52 млн теңге. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінде құрал-жабдықтар мен жиһаз сатып алынуда. Интернатта ауданның шалғай ауылдарынан келген 20 бала тұрады. Олар мектебімізде оқып, ҰБТ-ға дайындалады, - дейді Евгения Мартыненко.



Өзгелердің жаңалығы