Астанада "Ауыл" партиясының кезекті съезі өтіп жатыр

27 Қараша 2019, 10:16
2623
Бөлісу:
Астанада "Ауыл" партиясының кезекті съезі өтіп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан,  BAQ. KZ тілшісі. Бүгін елордада "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезі өтіп жатыр. 

Шараға ҚР ауыл шаруашылығы, ҚР ұлттық экономика, ҚР білім және ғылым, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қолдау, ҚР мәдениет және спорт, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар  министрлері мен вице-министрлері қатысып жатыр. 

Сонымен қатар, съездге жұмысына партияның өңірлік филиалдарының конференцияларында сайланған 210 делегат келген. 
Съезд бағдарламасында "Ауыл" ХДПП Саяси кеңесінің 2015-2019 жылдары атқарған жұмыстарының есебі бойынша баяндама жасалады. Онда  партияның бағдарламалық мақсаттарын орындаудағы қызметі, атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады, партияның өңірлік филиалдарының жергілікті жерлердегі агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік сала, ғылым және өндіріс мәселелері бойынша жұмыстары қызу талқыланатын болады, - дейді партия төрағасы, сенатор Әли Бектаев. 
Сонымен бірге съезд делегаттары партияның бірнеше жаңа бастамаларын талқылайтын болады. 
Съезд жұмысы аясында партияның төрағасы сайланып, саяси кеңестің жаңа құрамы бекітіледі және партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.  
"Ауыл" ХДПП XVI Съезі қарсаңында партияның 17 өңірлік филиалында есеп беру-сайлау конференциялары өткізілген болатын. Филиал төрағалары аудандық партия ұйымдарынан келген делегаттардың алдында филиалдың Саяси кеңесінің 2015-2019 жылдары атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Конференциялар аясында 17 өңірлік филиалдардың Саяси кеңесі мен төрағалары қайта сайланды. Төрағалардың басым көпшілігі жаңа мерзімге қайтадан сайланып, бекітілді.  Екі өңірде: Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы партия филиалының  төрағалары  ауысты. Бұл өңірлердегі филиалдарды аймақтың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысып жүрген, тәжірибелі, беделді адамдар басқаратын болады, - деді партия басшысы.


Өзгелердің жаңалығы