Нұр-Сұлтанда Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған көрме ашылды

27 Қараша 2019, 05:39
5137
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған "Елбасы және мәдениет" көрмесінің тұсаукесері өтті.

Ұлттық музейден хабарлағандай, Тұңғыш президент күніне орайластырылған көрмеге қазақстандық қоғам қайраткерлері, олардың ішінде Игорь Рогов, Қуаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбай, Азат Перуашев және шетелдік елшілік өкілдері қатысты. Аталмыш көрме көпұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жаһандық деңгейде ілгерілетуде, мәдениетті қайта жаңғыртуда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін бейнелеуді көздейді.

1911262039272825f.jpg
Бүгінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесе ашылғалы отырған "Елбасы және мәдениет" көрмесінің еліміздің мәдени өмірінде елеулі оқиға болатынына сенімдімін! Өткенге көз жүгіртсек, еліміз егемендік алған бойдан бастап өзінің тарихи жаңғыру және даму кезеңдерін бастан кешірді. Тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен кейiн, әсiресе, егемендігіміздің алғашқы он жылдығы ұлт мәдениетi үшiн жаңа кезең болды. Руханиятымыз қайта түлеп, тарих тасасында қалған барлық мұраларымыз Елбасы бастамасымен халқымызға орала бастады. Тұңғыш президентіміз ұсынған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының тиімді орындалуы нәтижесінде рухани бай мұраларымыз зерделі ұрпақтың зейінін ашып, көне тарихты қайта жаңғыртты, - деп іс-шараның ашылу рәсімінде Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов атап өтті. 

1911262039272820f.jpg

Сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ө қуанышымен бөлісті.
Бүгін Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шараның біздің Ұлттық музейде өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын сақтауға, кеңінен таратуға бағытталған іс-шаралары үшін, осы көрмеге, еліміздің тәуелсіздік тарихы туралы баяндайтын бірегей экспонаттар ұсынғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, - деді ол.
Елбасы кітапханасының "Елбасы және мәдениет" атты көрмесі Қазақстан Республикасының сәулеті мен кино өнері, қолданбалы және бейнелеу өнері, музей, театр, архив, кітапхана саласы, тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет саласының мемлекеттік саясаты, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау саласы сияқты бағыттардың негізінде Елбасы кітапханасы архивінің 170-тен астам материалын ұсынады.

Аталмыш көрме 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.



Өзгелердің жаңалығы