Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді

27 Қараша 2019, 09:49
3250
Бөлісу:
Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Белағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелін солярка құйып, өртеп жіберген.

Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Полицияның хабарлауынша, 25 қараша күні Жақсы ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың кезекші дәрігері қоңырау шалып, беті, мойны, қолы күйген Белағаш аулының 32 жастағы тұрғыны түскенін хабарлаған. 

Тергеу барасында ерлі-зайыпты арасында ұрыс шығып, 25 жастағы ер адам әйелінің үстіне соларка шашып, өртеп жіберген. Ер адам мас болған. Бұрын істі болмаған, - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабаның 3-тармағы және 99-бабының 1-тармағы ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі әйелін өртеп жібергендігі туралы хабарлаған болатынбыз. Бірақ денесінің 75 пайызын күйік шалған келіншек аман қалғанымен, араға бір ай салып жан тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы