Қазақстан шетелге 21 млн АҚШ долларына шоколад сатқан

27 Қараша 2019, 10:34
4018
Бөлісу:
Қазақстан шетелге 21 млн АҚШ долларына шоколад сатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінен өндіріліп, экспортталған тауардың 9 пайызы шоколад және кондитерлік өнімдер, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері шетел нарығына сатылған шоколад өнімдерінен түскен пайда 21 млн АҚШ долларды құраса, ал кондитерлік тауарлар үшін Қазақстанға 42,6 млн доллар пайда түсірді. 
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының ең үлкен үлесі ұннан (31%) және өсімдік майынан (15%) жасалған тауарларға тиесілі.
Жалпы, осы жылдың 9 айында қайта өңделген өнімдердің экспорт көлемі 757 млн АҚШ долларын құрады. Оның 77 пайызы (580 млн. доллар) - ұнға, өсімдік майына, сүт өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге, күнжара (жмых), балық өнімдеріне, минералды және газдалған суларға, шоколадқа, макаронға және құс етіне тиесілі, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, жуырда Ақмола облысында өткен ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің  көшпелі мәжіліс отырысында ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров осы жылы ауыл шаруашылығы шикізатынан азық-түлік өндіру көлемі 2,5 пайызға өсіп, 1 трлн 197,9 млрд теңгеге жеткенін айтқан.

Сондай-ақ, А.Сапаров биылғы жылғы өңделген өнімдердің экспорт көлемі өткен жылғы көрсеткіштен жоғары болып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін ҚР ауыл шаруашылы министрлігі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін 1,3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
     

Өзгелердің жаңалығы