Атырау облысында "Ауыл - ел бесігі" жобасы іске асырылуда

27 Қараша 2019, 17:51
2899
Бөлісу:
Атырау облысында "Ауыл - ел бесігі" жобасы іске асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында Махамбет аудан орталығында 4 жоба іске асырылуда, деп хабарлады Атырау обылсының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ – де өткен баспасөз мәслихатында Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали Ахметов мәлімдеді. 
"Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында аудан орталығында 4 жоба іске асырылуда. Соның бірі - ұзындығы 4,5 шақырым Махамбет ауыл ішіндегі жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары, Махамбет ауылының жаңа мөлтек аудандарына газ желілерінің құрылысын салу, Абай Құнанбаев және Жайық шұғыласы көшелерінің көше жарығын қайта жаңғырту жұмыстары "Махамбет ауылына ашық тренажер және баскетбол ойын алаңын құрылысы" бойынша жұмыстар жалғасуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр, - дейді Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали Ахметов.
 

Өзгелердің жаңалығы