Роман Григорчук "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойын туралы: Жас ойыншылар келсе де, біз үшін үлкен оқиға

27 Қараша 2019, 18:49
2931
Бөлісу:
Роман Григорчук "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойын туралы: Жас ойыншылар келсе де, біз үшін үлкен оқиға

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойында қазақстандық команданың дайындығы мен жеңіске деген мүмкіндігі туралы айтты. 

Ол ертеңгі ойында "Астана" фаворит болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Сіздердің ойларыңыз маған ұнайды. Бізге жақсы қарайыздар. МЮ ойыншыларының жасына қарамаймыз. Олар өз тарихында жоғары деңгейдегі қаншама футболшыны тәрбиелеп шығарды. Бүгін әкелген футболшылар да дәл сондай деңгейде. Олардың іріктеуден өтіп, өсіп келе жатқанын, үлкен жылдамдыққа ие екенін, тактикасын білеміз. МЮ жастарды әкелді деп оларды әлсіз деп отырмыз. Бірақ менің бұлай айтуға аузым бармайды. Олар мықты жігерленген. Олар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Олардың күш-жігері мен деңгейі туралы айттым. Бізге қарсы мықты команда ойнайды деген ойдамын, - деді Григорчук.  

Ол "Астана" сапындағы 3-4 жас футболшы алаңға шығуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, қосалқы құраммен келген "Манчестер Юнайтедтің" бұл әрекеті "қарсыласты сыйламау" деген сөз емес екенін айтты.

Бұл жерде сыйламау туралы айту орынсыз. Әрбір клуб мәселесін өзі шешеді және қажет деп тапқан құрамды қоюға хақы бар. Жас ойыншыларды әкелсе де, бұл біз үшін үлкен оқиға. Жақсы футболды көрсеткіміз келеді. Жеңгіміз келеді. Бірақ бұл оңайға соқпайды, қарсылас өте мықты. Мотивацияның аздығы туралы айтуға келмейді, біз үшін бұл үлкен оқиға, - деді бас бапкер.

Өзгелердің жаңалығы