"Астана" - "Манчестер Юнайтед" ойынын қайдан көруге болады?

27 Қараша 2019, 13:01
2497
Бөлісу:
"Астана" - "Манчестер Юнайтед" ойынын қайдан көруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қараша күні "Астана Арена" стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы "Астана" - "Манчестер Юнайтед"  ойынын Qazaqstan ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қос команданың Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы алғашқы кездесуі "Олд Траффордта" өтіп, 1:0 есебімен "қызыл сойқандардың" пайдасына шешілген еді.

Турнирлік кестеде "Манчестер Юнайтед" 10 ұпаймен топ бастап тұрса, елордалық клубтың еншісінде әзірге ұпай жоқ.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:50-де басталады. Кездесуді сонымен қатар, qazaqstan.tv cайты мен "Қазақстан" РТРК" АҚ-ның QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға болады.

Сонымен қатар, "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" футбол матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы Astana LRT хабарлады.


2019 жылдың 28 қарашасында елордалық "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасында өтетін футбол матчына арнайы төрт Shuttle-Bus бағыты (№№801-804) ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы