Ақтауда көлікті өртеп жібермек болған екі бойжеткен видеоға түсіп қалған

27 Қараша 2019, 16:45
10540
Бөлісу:
Ақтауда көлікті өртеп жібермек болған екі бойжеткен видеоға түсіп қалған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бойжеткендер алдымен көлікті өртемек болды, кейіннен оның дөңгелегін тесіп тастады, деп жазды lada.kz.

Қаскөйлер бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Автокөлік иесі құқыққорғау органдарына шағымданбаған, алайда қыздардың сазайын тартқызу үшін видеоны желіге салып жіберген.

Оқиға Ақтау қаласының 21-шағынауданында болған.

Қарашаның 25-нен 26-сына қараған түні сағат 03.00 шамасында екі бойжеткен Mercedes-Benz маркалы автокөлікке жақындап, оған сұйықтық төге бастаған. Автокөлік иесінің пайымдауынша, бөтелкеде алкогольді өнім болуы мүмкін.


Видеодағы кадрлардан қыздардың көлікті өртеу әрекеті сәтсіз аяқталғанын байқауға болады. 

Өрт қоя алмаған соң, қыздар менің көлігімнің дөңгелегін тесе бастады. Біреуі тесілген, ал екіншісі кесілген. Сондай-ақ, машинаның бамперіне сызат түсірген. Полицияға шағымданғым келмейді. Тек бұзық қыздар өздерін осы видеодан көрсе деймін. Бұл олар үшін ең лайықты жаза болатын еді, - деді көлік иесі.



Өзгелердің жаңалығы