Семей тұрғыны қағаздан көз жауын алатын бұйымдар жасайды

27 Қараша 2019, 19:41
5599
Бөлісу:
Семей тұрғыны қағаздан көз жауын алатын бұйымдар жасайды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейлік шебер түрлі техника, ғимараттар мен ойыншықтарды қағаздан құрастырады. Оның қолынан шыққан заттар түпнұсқаның дәлме-дәл көшірмесі. Бұл туралы qazaqstan.tv жазды.

Қағазбен модельдеу өнерін шебер меңгерген Александр Гукай 7 жылдың ішінде 200-ден астам макет жасаған. Оның таңдай қақтыратын туындылары қағаз және желімнің көмегімен ғана жасалған.

Шебердің ең соңғы жұмыстарының бірі - Стамбұлдағы Сұлтан Ахмет мешітінің макеті. Оны жасау үшін бір ай уақыт кеткен. Мешіттің әр терезесі мен есігінде жарықтар жанатын етіп істелген. Оған қоса азан шақырады.

Александр Гукай бұл өнерге бала кезінен қызыққан. 

Алғашында жасайтын заттарымның модельдерін өзім өлшеп-пішіп құрасам, кейін ғаламтор көмекке келді, - дейді ол.

Әдетте қағаздан жасалатын модельдер тез жыртылады. Ал Александр жасаған макеттің кез келгені мықты. Себебі ол макеттің бөлшектеріне қатты картон қосады. Құрастырған қағаз көліктері қозғалады. Тіпті ұсақ-түйегіне дейін түгел ескерілген.


Өзгелердің жаңалығы