Все новости за 20 мамыр 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ДДСҰ елдері жаңа пандемия жағдайында әрекет ету тәртібін бекітті
Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аясында пандемиямен күреске арналған жаһандық келісімге қол қойылды.
-
Найзағай, бұршақ: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ертең, 2025 жылғы 21 мамырда еліміздің 15 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады.
-
Ата кәсіпке адалдық: Сыр бойындағы күріш шаруашылығының жаңа тынысы
Сырдария өзені бойындағы кең алқаптар ғасырлар бойы күріш шаруашылығының маңызды ошағы болып саналады.
-
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізді.
-
Енді үй жануарларының сандық төлқұжаты eGov Mobile қосымшасында қолжетімді
Енді үй жануарларының цифрлық төлқұжаты eGov Mobile мобильді қосымшасының "Сандық құжаттар" бөлімінде қолжетімді.
-
DOSTI SKILLS AKTAU 2025: Болашақ дағдыларының алаңы
27 мамыр – 4 маусым аралығында Ақтау қаласы халықаралық шеберлік, инженерлік ой және технологиялық ынтымақтастықтың нағыз орталығына айналады.
DOSTI SKILLS AKTAU 2025 – бұл кәсіби шеберліктің жаңа деңгейін көрсететін ауқымды чемпионат, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Спорттық белсенділік бойынша көш бастап тұрған қалалар белгілі болды
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы — бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фоторепортаж: Үркердегі жалғыз мектептің жүктемесін азайтқан жайлы мектеп қандай?
BAQ.KZ тілшісі биыл қаңтарда пайдалануға берілген №33 орта мектепті көріп қайтты.
-
Сапасыз үй тұрғындары құрылыс компаниясы өкілдерімен соттасып жатыр
Атыраудағы элиталы тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді. 300-дей пәтері бар бірнеше баспананың қасбеті түсіп, ішіне су кіріп жатыр. Үнемі істен шығатын жеделсатыны қолдану тым қауіпті екенін айтады халық. Ал жоба бойынша ұсынылған кейбір нәрселер мүлдем жоқ екен. Наразы тұрғындар жауапты компанияны сотқа беріпті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Маңғыстауда қарқын алып келеді
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірдегі іске асу барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлы Жеңістің ұлағаты мол
Жетісудан шыққан батырлар жайлы айтылмаған әңгіме көп. Бүгінде оны ұрпақтары айтпаса, ерліктері ұмыт қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Будапештке барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақ қызы "Реал Мадрид" клубында жұмыс істей бастады
Қазақ қызы Альбина Бунеску атақты Мадридтегі "Реал" футбол клубының маркетинг бөліміне ресми түрде қызметке орналасты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Sim-box схемасы: жәбірленуші 19 миллион теңгесінен айырылды
Алматыда "Sim-box" қолдану арқылы жасалған алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президенттің кеңесшісі Маңғыстау облысының имамдарымен кездесті
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев өңірдің имамдарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Сербия астаналарын енді тікелей рейс байланыстырады
Қазақстан мен Сербия астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың соңына қарай ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азаматтардың үйге деп жинаған ақшасы қалай қорғалады
Сенатта "Тұрғын үй құрылысына қатысу және құрылыс саласын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжат тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі салымдарды қорғауға бағытталған бірқатар маңызды норманы қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана халықаралық форумында CNN арнасының бағдарламасы көрсетіледі
«Біз не білеміз» шоуы Астана халықаралық форумы барысында алғаш рет шетелден көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан туризмінде рекорд: Елімізге 15 млн шетелдік турист келген
Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Ішкі және шетелдік туристер саны артып, осы саланың ел экономикасында үлесі артуда. Туризм және спорт министрлігінің BAQ.KZ тілшісінің сауалына берген ресми жауабында 2024 жылы елімізге шетелден 15,3 млн турист келген.
-
123 ауылға көмек: медициналық пойыз сапарын бастады
Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жылдың ішінде «дөңгелектегі емхана» 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен стансада тоқтап, медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таза Қазақстан: 2025 жылдың басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Ол таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл қандай мамандықтарға грант көп бөлінеді?
2025 жылы ең көп білім гранты техникалық мамандықтарға бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жас қазақстандық ғалым халықаралық мойындалған технология ойлап тапты
Қазақстан тарихында алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде шешуші маңызы бар шық/қырау нүктесінің температурасын жаңғыртуға мүмкіндік беретін отандық технология әзірленіп, сәтті іске қосылды. Бұл жаңалықтың авторы – РМК «ҚазСтандарт» қызметкері, 27 жастағы жас ғалым Асылбек Жұмағали, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көрермендер қойылымдарға бір ай бұрын билет алып қоятын болды – әртіс
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жоғары санатты әртісі Жанар Мақашева театрға келетін көрермендер саны көбейіп келе жатқанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жазда 3,2 млн бала демалады – министрлік жазғы каникулға дайындықты бастады
Биыл жазғы демалыс кезінде Қазақстан бойынша 3,2 млн бала түрлі лагерьлер мен демалыс орталықтарында тынығады. Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіздік пен ұйымдастыру шараларын бақылауға алғанын мәлімдеді, деп
-
Бұл марапат үлкен жауапкершілік пен зор құрмет – Әлішер Беспалинов
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сәнге айналған ота: Арықтау үшін асқазанды кішірейткен дұрыс па?
Соңғы кезде сәнге айналған асқазанды кішірейту отасы туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопист дәрігері Мәжит Әбдіқадыров айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайына жету жолдарына өзгерістер енгізілді
Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді жарысқа баратын оқушыларды полиция бақылайды
Енді жарысқа баратын оқушыларды полиция қадағалауға міндетті болады. Премьер-министр Олжас Бектенов енді спорттық жарысқа қатысуға баратын оқушыларды полиция қадағалайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Спортшы оқушылар мінген көліктердің жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға алып келгені ба
-
Картоп пен көкөніс қымбаттап жатыр: Шенеуніктер себебін айтты
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы баға тұрақсыздығы мен оларды тұрақтандыру шараларына арналған бірлескен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергия үлесі 6%-дан асты
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6%-дан асып, 6,43%-ды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада сотталғандар жаңа мамандық меңгеруде
Мұнда сотталған азаматтар еңбекке тартылып қана қоймай, нақты бір кәсіптің иесі атануда.
-
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәрігер кофенің күтпеген пайдасы туралы айтты
Бұл туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопист дәрігері Мәжит Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жас мұғалім мен тәжірибелі педагог: тартысқа нүкте қойылды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жас мұғалімдердің талап-тілегі орындалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Қайрат Байбосыновқа жаңа атақ берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
16 млрд теңге желге ұшты ма? – министр негізсіз жұмсалған қаражат туралы айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев негізсіз жұмсалған 16 миллиард теңгеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 5 мыңнан астам "қиын" бала тіркеуде тұр
Бүгінде ел бойынша полиция есебінде 5 326 «қиын» жасөспірім тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Егер жүргізуші жол апатына кінәлі болса, сақтандыру төлемін ала ма?
Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) кінәлі болған жүргізуші едәуір қаржылық шығындарға тап болуы мүмкін.
-
Түркі халықтарының жас таланттары Алматыда бас қосты
Мегаполисте "TYRKI DYNIYESI" студенттік театрлар фестивалі өз шымылдығын ашты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақша жинауды мектепке жаба салуға болмайды – министр
Мектеп бітіру кешіне қомақты ақша жинаған дұрыс па? Аталған мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жазғы демалыста балаларға арналған спорттық жарыстар өтеді
Жазғы демалыс кезеңінде елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық жарыстар мен сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды
Ол премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алакөлге жазғы маусымда жету жеңілдейді
Көлік министрлігі жазғы демалыс маусымында Алакөл курорттық аймағына қосымша теміржол вагондары мен қолжетімді әуе рейстерін ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ақылы семинарға мәжбүрлеу" – министр ескерту жасады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді семинарларға міндеттейтіндерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ультрамарафоншы Австралияны жүгіріп өтіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты
31 жастағы британдық ультрамарафоншы Уильям Гудж Австралияны бір шетінен екінші шетіне жүгіріп өтіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет басшысы ата-аналарға үндеу жасады
Биыл Қазақстанда 200 мыңнан астам бала мектеп бітіреді.
-
Енді оқушылар мектепте тісін тегін емдете алады
Елімізде 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл студенттердің стипендиясы қашан өсетіні белгілі болды
Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балаға тәтті сусын бермеңіздер: Диетолог дабыл қақты
Диетолог, Астана Медицина Университеті жанындағы академик Е. Д. Даленов атындағы ғылыми зерттеу институты жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген балаларға тәтті сусын берудің зиянын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектеп асханаларына жаңа талап: тұз 5 есе, қант 3,6 есе азаяды
Маңғыстау облысындағы оқушылардың улану фактілері Денсаулық сақтау министрлігінің алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жүк көлігімен болған сұмдық жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматыда 19 мамыр кешке болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты. Жол апатының жай-жапсары туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
54 асхана, 191 мектеп: санитарлық тексеріс шындықты ашып берді
Денсаулық сақтау министрлігі ел мектептерінде жүргізілген санитариялық тексерулер нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл түлектердің емтихан тапсыру және аттестат алуы қай күні өтеді?
Биыл 3,9 млн оқушы оқу жылын аяқтайды.
-
Травматологтар еңбегі: бір жылда 240 мың науқасқа көмек көрсетілді
2024 жылы Қазақстанда әртүрлі жарақаттармен 240 мың пациент емделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістандық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады
Түркістандық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
МӘСҚ: Жұмыссыз қалғандар үшін қандай төлемдер қарастырылған
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 180,9 мыңнан асты, бұл ретте биыл 112,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 41 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Алматы облысының территориясында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде жаңа ықшам аудан салынады
Семейдің солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтеретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы жабылды
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу бекеті 1 қыркүйекке дейін жабық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Біз АҚШ, Украина, Ресей және Еуропа елдері арасындағы кездесу мүмкіндігін қарастырудамыз – Зеленский
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина және Ресей президенттері телефон арқылы сөйлескеннен кейін Владимир Зеленский Киевтің АҚШ, Украина, Ресей және Еуропа елдері арасында кездесу өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.
-
Индонезияда жанартау атқылап, күлден жасалған бағана 5,5 шақырымға жетті
Индонезияның шығысында Левотоби Лаки-лаки жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Найзағай, шаңды дауыл, аптап ыстық". Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 20 мамырда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
"Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы құрылды
Елімізде "Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
АҚШ пен Ресей Федерациясы президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 19 мамырда телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның 5-еуі – алтын, 4-еуі – күміс, 2-еуі – қола жүлде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскеменде ауадан хлордың шамадан тыс мөлшері анықталып, тексеріс басталды
19 мамырда экология департаментінің мамандары әлеуметтік желіде Согра ықшам ауданының өнеркәсіптік аймағы қатты түтіндегені туралы ақпараттың тарауына байланысты "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ-ға іргелес жатқан аумаққа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада "Еңбек жолы" байқауына өтінім қабылдау басталды
"Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" идеясын насихаттау мақсатында "Еңбек жолы" конкурсын өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх