Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақша жинауды мектепке жаба салуға болмайды – министр

20 Мамыр 2025, 12:06
1449
Бөлісу:
 Арман Мухатов  архив
Фото: Арман Мухатов архив

Мектеп бітіру кешіне қомақты ақша жинаған дұрыс па? Аталған мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист министрге "Жақында бір оқушының әкесі мектеп бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинап жатқанын айтты. Бұл мәселе реттелген бе? Бұдан бөлек басқа мерекелер өтсе де, ақша жиналады. Бұл туралы ойыңыз қандай?" деп сауал қойды.

Бұл сұрақ заңнамалық тұрғыда реттелген. Мен де бұл ақпараттан хабардармын. Қазір мәселе қатаң бақылауға алынды. Бұл жерде көбіне ата-аналардың бастамашылығымен жасалған дүние. Біз мектепті кінәлай беруден де аулақ болуымыз керек. Көп жағдайда қаржы ата-аналардың бастамашылығымен жиналады. Мектеп басшылығы оған қарсы тиісті шара қолдана алмайды. Сол себепті ата-аналарға да мұндай шығынға бара бермеу керегін ескерту керек сияқты. Ал мектепке жылдағыдай ескертілді. Бірақ кейбір аймақтарда әлсін-әлсін ақша жинау барысы көрініп қалады. Меніңше, екі жақта да жауапкершілік болуға тиіс, - дейді Ғани Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы