Соңғы кезде сәнге айналған асқазанды кішірейту отасы туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопист дәрігері Мәжит Әбдіқадыров айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, ерекше хирургиялық әдіс Қазақстанда да қолданыла бастаған.
Біздің орталықта ондай әдіспен ота (эндоскопиялық гастропластика – ред.) жасалады. Ол жалпылама айтқанда, бариатриялық хирургия деп аталады. Семіздікке қарсы хирургия деп те айтып жүрміз. Бұл отаны жаңа әдіс деуге келмейді. Өйткені 30-40 жылдай уақыттан бері бар. Қазіргі заманғы тілмен айтқанда, трендке кейіннен ғана кіріп жатыр. Бүгінде артық салмақ деген – өте үлкен проблема. Басқа да аурулар туындайды. Сол себепті адамдар салмақты азайтуға, қолда бар әдістің бәрін қолданып көруге кірісті, - деп атап өтті дәрігер.
Сонымен қатар кез келген отаның тиімділігімен қатар, теріс жақтарының болуы да ықтимал.
Артық салмақтан арылу үшін кейбір адамдар сондай операцияға дейін барады. Ол операцияның өзінің теріс жақтары да бар. Ол жерде әртүрлі операциялар жасалады. Резекция, мини гастрошунттау, яғни асқазанды кішірейтіп, ішекті оған басқаша жалғайды. Сонда ас сіңіру аймағы кішірейеді. Мысалы, 1,5-2 метрдей ішекке тамақ бармайды. Асқазанға түскен тамақ 1,5-2 метр ішекті айналып барып бір-ақ қосылады. Артық салмақтан арылуға бағытталған ота қант диабеті кезінде де жақсы көмектеседі. Диабетке шалдыққан жандарды емдеу әдісі ретінде де қолданылып жүр. Ол қанттың деңгейін ұстап тұруға Әр операцияның қаупі бар. Оны хирург-дәрігерлер түсіндіреді. Себебі лапароскопиялық операция түріне жатады, - деді Мәжит Әбдіқадыров.
Алайда дәрігер аталған отаның еліміздегі құнын нақты білмейтінін алға тартты.
Ал Түркия сынды елдерде шамамен 20 мың доллар тұрады. Оған қоса, отаға пайдаланылатын материалға 4 мың доллар кетеді.