Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл студенттердің стипендиясы қашан өсетіні белгілі болды

20 Мамыр 2025, 11:00
1043
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді.

Сонымен қатар биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясы өседі. Бакалавриат үшін стипендия 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады, - дейді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы