Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұл марапат үлкен жауапкершілік пен зор құрмет – Әлішер Беспалинов

20 Мамыр 2025, 15:22
870
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан осындай жоғары марапат алу — мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Оның үстіне бұл салтанатты сәт елордамыздағы Ақорда сарайында өтті. Мұны мен қос жауапкершілік деп қабылдаймын. Президентіміз еліміздің музей ісі мен қорық-музейлерді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақстанда мәдени саясат тұжырымдамасына сәйкес, музей ісі қарқынды дамып жатыр. Қазіргі таңда елімізде Сарайшық, Ботай, Бозоқ сияқты тарихи-мәдени нысандарда музей-қорықтар бой көтеріп, олардың тарихи тұтастығы мен мәдени маңызына ерекше мән берілуде, - деді "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Әлішер Беспалинов.

Бұл марапат үлкен жауапкершілік пен зор құрмет – Әлішер Беспалинов
Әлішер Беспалиновтың жеке мұрағатынан

Оның айтуынша, өзінің мұндай марапатқа ие болуына ұстаздарының еңбегі ерекше.

Шынымды айтсам, бұл марапатқа қандай сөз тауып айтарымды да білмей тұрмын. Бұл менің ғана емес, кезінде маған музей ісін үйреткен ұстаздарымның, тәлімгерлерімнің де еңбегінің жемісі деп білемін. Өкінішке қарай, олардың кейбірі арамызда жоқ. Дегенмен бұл марапат мен үшін үлкен қуаныш, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы