Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Алматы облысының территориясында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан скрин 20 Мамыр 2025, 08:37
20 Мамыр 2025, 08:37
664
Фото: видеодан скрин

Алматы облысының территориясында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша, жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы қайтадан түсіп қалды.

Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді, – деп жазды "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен.

Наверх