Денсаулық сақтау министрлігі ел мектептерінде жүргізілген санитариялық тексерулер нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, биыл 191 мектеп, оның ішінде 54 ас блогы тексерілген.
Тексеру нәтижесінде жүйелі заңбұзушылықтар анықталды. Апаттық жағдайдағы ғимараттар, санитариялық қорытындысыз жұмыс істеп тұрған мектептер, шамадан тыс жүктеме, техникалық ахуалы нашар мектептер – бәрі тіркелді, – дейді министр Үкімет отырысында.
Нәтижесінде:
• 150 ұйғарым берілді,
• 12,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды,
• 31 қызметкер жұмыстан шеттетілді,
• 6 іс сотқа жолданды.
Министрдің сөзінше, тексеру саны былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 23 есе азайған. Себебі бұрынғы тексерулер негізінен прокуратура тапсырмасы бойынша жоспардан тыс жүргізілген.