Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аясында пандемиямен күреске арналған жаһандық келісімге қол қойылды. Құжат COVID-19 пандемиясы кезіндегі қателіктерді ескеріп, болашақ індеттерге дайындықты күшейтуді көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келісімнің негізгі мақсаттары — өткен пандемиялардан алынған сабақтарды ескере отырып, болашақтағы ықтимал эпидемиялық қауіптерге жаһандық деңгейде тиімді ден қою, емдеу, дәрі-дәрмек, вакцина мен қорғаныс құралдарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Құжат үш жыл бойы тараптар арасындағы келіспеушіліктер аясында әзірленді. Нәтижесінде оны 124 мемлекет қолдады. Алайда Ресей, Польша, Израиль және Италияны қоса алғанда 11 мемлекет дауыс беруден бас тартты.
ДДҰ сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, жаңа пандемия жағдайында елдер, халықаралық ұйымдар, азаматтық қоғам және жеке сектор арасында үйлесімді ынтымақтастық қажет. Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс бұл келісімді "тарихи құжат" деп атап, көптеген мемлекеттер ұлттық мүдделерін жаһандық қауіпсіздік мүддесінен жоғары қоюға тырысып жатқанын жеткізді.
Келісім ДДҰ-ның 60 елі ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Айта кетейік, бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамп елінің ДДҰ-дағы мүшелігін тоқтататынын жариялаған соң, АҚШ бұл келіссөздер процесінен шығып кеткен болатын.