DOSTI SKILLS AKTAU 2025: Болашақ дағдыларының алаңы

20 Мамыр 2025, 21:20
430
Бөлісу:
 әлеуметтік желі/ашық дереккөз
Фото: әлеуметтік желі/ашық дереккөз

27 мамыр – 4 маусым аралығында Ақтау қаласы халықаралық шеберлік, инженерлік ой және технологиялық ынтымақтастықтың нағыз орталығына айналады.
DOSTI SKILLS AKTAU 2025 – бұл кәсіби шеберліктің жаңа деңгейін көрсететін ауқымды чемпионат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Аустриядан келген 120-дан астам қатысушы, 31 шетелдік сарапшы мен қонақтар қатысады. Командалар заманауи индустрияның өзекті бағыттары бойынша білім, тәжірибе және технологияны тоғыстыра отырып, болашақтың жаңа стандарттарын ұсынбақ.

Бұл жай ғана жарыс емес, бұл нақты инженерлік міндеттер шешілетін, шынайы таланттар сыналатын және шығармашылық дәлдік басты рөл ойнайтын платформа. Мұнда ертеңгі күннің технологиялық көшбасшылары қалыптасады.

Өзгелердің жаңалығы