Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әуежай қызметкерлері жолаушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

- 20 мамыр сағат 22:00-ден бастап 21 мамыр сағат 06:00-ге дейін Ахметов көшесінде (№1А ғимаратынан Майлин көшесіне дейінгі бөлігінде) жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған бөлікте көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады. Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды. Аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі,- деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
- қалықаралық әуежайы.
Әуежайға мына жолдармен жетуге болады:
• Бұқтарма көшесі арқылы;
• Майлин көшесі арқылы, одан кейін Майлин жағындағы негізгі кіреберіс арқылы.