Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістандық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

20 Мамыр 2025, 09:38
2157
Бөлісу:
 turkistan.obl.bilim.basqarmasy/instagram
Фото: turkistan.obl.bilim.basqarmasy/instagram

Түркістандық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Түркістан облысының білім басқармасы ордабасылық оқушы Жәнібек Асқарұлы  Абилхан  ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпай жинағанын мәлім етті. 

Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл алған Абилхан Жәнібек Асқарұлы Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Мектеп-гимназия директоры Исанова Сәуле Егембердіқызы. Сынып жетекшісі Бортай Гүлзира Ағабекқызы, - деп жазылхан Білім басқармасының хабарламасында. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Жәнібек информатика пәнін таңдаған. Білім басқармасы Жәнібектің жетістігіне орай құттықтауын да жеткізді.

Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы, жауапкершілігі, уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі. Білім жолындағы жеңісің құтты болсын, биік белестерден көріне бер!, - деп құттықтау білдірген.  

Еске салсақ, бұған дейін талапкерлер ҰБТ тапсыруды бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы