Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада "Еңбек жолы" байқауына өтінім қабылдау басталды

20 Мамыр 2025, 00:12
536
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

"Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" идеясын насихаттау мақсатында "Еңбек жолы" конкурсын өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) "Үздік еңбек әулеті" – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаты бар әулет таңдалады;

2) "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) "Өндірістің үздік жас маманы" – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), телефондары арқылы алуға болады.

Конкурсқа өтінім қабылдайтын мекенжай: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат, 220 кабинет, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі, эл.пошта: b.kasymov@astana.kz.

Өзгелердің жаңалығы