Мегаполисте "TYRKI DYNIYESI" студенттік театрлар фестивалі өз шымылдығын ашты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Аталған өнер додасына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстаннан келген жас өнерпаздар қатысып жатыр.


Фестиваль аясында ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің шығармашылық жоғары оқу орындары қауымдастығының кезекті отырысы да өтеді.

Біз бұл іс-шара мәдени-шығармашылық тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналатынына, жас таланттар арасындағы достық байланысты нығайтуға мүмкіндік беретініне және түркі әлемінің театр өнерін дамытуға үлес қосатынына сенімдіміз. Фестивальдің мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мен студенттер театрының шығармашылығын дамыту және кәсіби диалог алаңын құру, - деді Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жудебаев.


Фестиваль аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылады:
* Түркі әлемі елдері студенттерінің қойылымдары;
* Шетелдік және отандық театр өнерінің жетекші қайраткерлерінің шеберлік сыныптары;
* Тәжірибе алмасуға және қатысушылардың талантынкөрсетуге бағытталған шығармашылық кездесулер мен талқылаулар;
* Жаңа пьесалардың оқылымын өткізу және т.б. мәдени іс-шаралар.

