Все новости за 25 наурыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады: қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындары қандай мәселелермен жүгінетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Ел құрамасы 200 млн соммен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел құрамасы 200 млн соммен марапатталды, деп хабарлады ҚР ҰСҚ баспасөз қызметі.
-
Қазақстан елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Үндістандағы және Бангладеш Халық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Бангладеш Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
-
Биыл 25 қылмыстық іс есірткі сатумен айналысатын адамдарға қатысты болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз айналымнан 53 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысты өткір мәселе тұр. Жыл басынан бері 3 есірткі зертханасы анықталып, оның жолы кесілді. Өткен жылы екі айда 5 келіден астамы тәркіленсе, осы жылдың мерзімінде 30 келіден астам синтетика тәркіленді. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша өңірлік директоры Ханс Клюгемен онлайн форматта кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
-
Алматы облысында кремний өндірісі іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ. Қаратал ауданында жоғары сапалы кремний өндірісі іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңы хабарлады.
-
Еуроодақ Украинамен ынтымақтастық қорын құруға келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақтың мемлекет және үкімет басшылары Ресейдің әскери операциясы аяқталғаннан кейін елді қалпына келтіруді қаржыландыру үшін Украинамен ынтымақтастықтың сенімді қорын құруға келісті. Бұл туралы Брюссельде Еуроодақ саммитінің бірінші күнгі мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
-
Башқұрстанда еліміздің Ұлттық музей жәдігерлері қойылған көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Башқұртстан Республикасы Ұлттық музейінде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында «Ұлы дала: Кеңістік. Уақыт. Мәдениет» көрмесі ашылды. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери ведомствода Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен протоколдық кездесуі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
-
Алматыда пәтер ұрылары қылмыс орнында ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда пәтер тонаумен айналысып келген топ ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті хабарлады.
-
Қызылордада отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жылыжай ашылды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Наурыз мейрамы тойланды. Ұлттық мереке қарсаңында демеушілердің көмегімен салынған жылыжай пайдалануға берілді.
-
Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев, шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар нысанды аралады.
-
Кеген ауданында 36 отбасыға баспана кілті табысталды
Алматы, BAQ.KZ. Биылғы Наурыз Алматы облысы Кеген ауданы тұрғындары үшін жағымды жаңалығын ала келді. Мереке күні көп балалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы болды. Осылайша, 36 отбасы жаңа жылда баспаналы болды. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпарат орталығы хабарлады.
-
Бес облыста су тасқыны қаупі бар – ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес облыста тасқын жүруі ықтимал. Олар - Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай өңірлері, деп жазды «Хабар 24».
-
Ақпан айында 2500-ден астам алтын құйма сатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың ақпан айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 82 келі 2 586 алтын құйманы сатты.
-
Алматыдағы №4 ауруханада кардиология бөлімшесі ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Түрксіб және Жетісу аудандары тұрғындарының тілектерін ескере отырып, енді жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы бар науқастар жақын жерден білікті, жоғары технологиялық кардиологиялық медициналық көмек ала алады.
-
Еліміздің Көкпар құрамасы командасы Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде бірінші орын иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирге 6 мемлекеттен көкпаршылар қатысты.
-
ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтығына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
-
Павлодарлық әуесқой спортшы 220 шақырымдық қайырымдылық марафонын жүгіріп өтті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғыны Нұрсұлтан Бірлік 220 шақырымдық қайырымдылық марафонын жүгіріп өтті.
-
Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арыс қаласына арнайы сапармен келген Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Арыс қаласына қарасты Ақдала елді мекеніндегі жылыжай кешенін аралап, жеке кәсіпкер Рақымжан Кенжебаевтың кәсібімен танысты, деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
-
«Ассамблея жастары» Достық аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24-25 наурызда Алматы облысының Шонжы кентінде «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері өңір жастарымен бірқатар мотивациялық кездесулер өткізді.
-
Оман Муфтиаты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтандығының Бас мүфтиі Ахмад Әл-Халилимен кездесті.
-
Фейк: Белсендірілген көмір, сарымсақ және куркума вакцинаны ағзадан шығарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Әлеуметтік желілерде вакцинацияға қарсы адамдар «СOVID-19-ға қарсы екпе салдыруға мәжбүр болғандарға» ағзаны детоксикациялауға кеңес береді.
-
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік орталық музейінде «Бабалар аманаты» жобасы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ғасыр толғауы» атты республикалық көрме ашылды.
-
Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтыруларды мүдделі мемлекеттік органдар және тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес қарады.
-
Нұрқаділовтің ісі: Бас прокуратура қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда.
-
Рамазан айы: Пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды.
-
Былтыр 20-ға жуық астаналық жасөспірім туберкулез жұқтырды – СЭС өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева хабарлады.
-
СБЕР-мен келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – Цифрлық даму министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік СБЕР-мен келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ екенін хабарлады.
-
Алексей Милюк жақын арада қазақ тілін меңгеріп алуға уәде берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Елордада туберкулезге шалдыққандар саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева хабарлады.
-
Қаңтар оқиғасы полицияның имиджіне әсер етті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Володин Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
-
Пилоттық аумақтың негізгі проблемаларын талдау 500 бетті құрады - Ысмағұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті.
-
Владимир Жириновский қайтыс болды – ресейлік БАҚ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік БАҚ-та Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
-
Мәжілісте жалпы отырыстың күн тәртібі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.
-
Милюк пилоттық бағдарламаны жүзеге асырудан қандай нәтиже болғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Полицияның сервистік модельге көшуі не үшін қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
ҚазЖолҒЗИ жол битумы сапасын арттыру бойынша зерттеулер жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асфальт жолдардың сапасы мен ұзақ мерзімге шыдамдылығы технологияларды сақтауға және жол жабыны жасалатын материалдарға байланысты.
-
Еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 26-28 наурызына арналған ауа райы болжамын Қазгидромет хабарлады.
-
Ауыл тұрғындарының мәселелерін шешу – сенаторлардың назарында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысының аудандарын аралау барысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және ауыл тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен танысты.
-
Алматыда жазушы және сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдың құрметіне орнатылған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
-
Абайда балаға қол жұмсаған тәрбиеші анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында балаға қол жұмсаған тәрбиеші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Оқушыларға арналған «Ұлағатты ұрпақ» порталы жаңа сабақтармен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы қазан айында іске қосылған.
-
Маржан Әкімжанова ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Ақшолақов Қазақстанда АЭС салынатын екі өңірді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда АЭС салуға қай жер көзделіп отыр?
-
Атамның аманаты. Із-түзсіз кеткен жауынгерлер мен ұрпағынан бұйырған топырақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. От ортасынан оралмағандарды ұрпақтары жиі еске алады. Ал із-түзсіз жоғалған, қай жерде жерленгені белгісіз аталардың ұрпақтары не істеуі керек? Ұлы Отан соғысына 1 366 000 қазақстандық аттанды. Оның ішінде соғыстан оралмағандар саны 601 029 адамды құрады. Ал 271 503 солдат пен офицер хабарсыз кеткен, бұл елге оралмағандар санының 45 пайызына тең. Осы орайда «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Әлия Сағымбаевамен әңгімелескен едік.
-
Қазақстанға АЭС салуы мүмкін елдер аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жәнтікин елімізге АЭС салуы мүмкін мемлекеттерді атады.
-
Наурыз мейрамына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Наурыз мерекесіне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабаралады Ақорданың ресми сайты.
-
Министр жауабы: Бензин бағасы арзандауы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармай бағасы арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
-
Қалалық мәслихат Қапшағайдың атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту туралы шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қ.Ахметтаевтың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының әлеуметтік және мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы көпшілік тыңдау түрінде өтті. Бұл туралы Қапшағай қаласының мәслихаты Instagram парақшаларында хабарлады.
-
Ақтоғай ауданында жоғалған балықшылар құтқарылды – ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоғай ауданында жоғалған балықшылар құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қарағанды облысында «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ресми сайты.
-
Болат Ақшолақов мұнайды экспорттаудың баламалы жолдарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнайды тасымалдаудың альтернативті жолдарын айтты.
-
Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты.
-
Қазақстанның іскер әйелдері Дубайда өз жобаларын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамын тойлау аясында EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильонының алаңында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері қатысқан іс-шара өтті. Бұл туралы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы «Холи мерекесі – түстер фестивалін» өткізді.
-
Елордадан шығатын жолдар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының жақсаруына байланысты елордадан Теміртау, Щучинск және Ерейментауға дейінгі жолдар ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы өзінің Telegram каналында мәлім етті.
-
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб агроөнеркәсіптік кешен мәселелерін қарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 наурызда Нұр-Сұлтанда Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.
-
Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында әз Наурыз мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 240 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Тақия киген қыздар «мафия» болып жүр ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ қыздарының арасында бір-біріне түрлі түсті әшекейленген тақия сыйлау сәнге айналуда. Әсіресе, ұлттық мейрам кезінде бұл үдеріс трендке ұласты. Осылайша, ескі әдеп қайта жаңғырды.
-
КВИ-ге шалдыққан 21 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 25 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Азия чемпионаты: Байдаркада есу бойынша Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Бангкокта байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Ақпан айында ЭЕБ-да түйіндемелер саны 22%-ға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) 72,3 мың бос жұмыс орны және 54,6 мың түйіндеме орналастырылған. Мәселен, ақпан айында бос орындар саны 5,9%-ға өсті, ал жарияланған түйіндемелер саны 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 22,2%-ға төмендеді.
-
Мүмкіндігі шектеулі жандардың да қолынан іс келетінін дәлелдегім келді – кәсіпкер
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Отыз жасында қоларбаға таңылған көкшетаулық Рамазан Мұқатаев екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс бастап, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіп ашып, еңбек етудің үлгісін көрсетіп келеді.
-
ДДСҰ: Денсаулық сақтау мекемелері шабуыл нысанына айналмауы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ Украинаға салмағы 150 тонна медициналық құрал-жабдық жөнелтті, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 645 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 645 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Елімізде өткен тәулікте 22 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 22 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Ақмола облысында сәуірдің басында су тасқыны болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуірдің алғашқы он күндігінде Ақмола облысында қар еріп, су тасиды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
25 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, жауын жауып, еліміздің солтүстігі мен шығысында көбіне қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Қазақстан дәрі-дәрмекті сыртқа шығаруды шектейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағынан дәрілік препаттарды шығаруға тыйым салатын бұйрық жобасын әзірледі. Бұл тыйым жеке пайдалануға сатып алынған препараттарға қатысты емес.
-
Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығы атап өтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Алматыдағы крематорий құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Қарағандыда ауа райының қолайсыздығынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда ауа райының қолайсыздығынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған жігіт қолға түсті – Нұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полицейлері ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Орал – Атырау тас жолы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал – Атырау бағытындағы республикалық автожолды жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр.
-
Облыстық ауруханада бүйрегі ауыратын науқастарға арналған орталық ашылды – Атырау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық ауруханасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында экстракорпоралды детоксикация орталығы ашылды, деп хабарлайды azh.kz.
Наверх