Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты

25 Наурыз 2022, 20:05
3626
Бөлісу:
Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев, шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар нысанды аралады.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-сапар барысында сенаторлар Арыс қаласының іргесінде орналасқан Ақдала ауылындағы «Arystan» жастар орталығында болды.

Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты

Бұрынғы 500 орындық салтанат сарайы 1 200 баланы қабылдауға қауқарлы спорт кешені болып қайта жабдықталған орталық ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

Жасөспірімдердің тегін жаттығатын орталығына тәжірибелі мамандар жан-жақтан арнайы шақыртылған. Мұнда бокс, дзюдо, қазақ күресі мен би үйірмесі жұмыс істеуде. Жастардың шынығып, шымыр болуына жағдай жасаған жас кәсіпкер Әлібек Құралбек «табыстан гөрі туған жерді түлетуге құмарттым» дейді. Бүгінгі таңда мұнда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты

Бұдан соң сенаторлар «Тең қоғам» әлеуметтік орталығына ат басын бұрды. Арыс қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ашылған орталыққа келгендер кітап оқу залында еркін тақырыпта ізденіп, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Спорт бұрышында физикалық дене жаттығуларын жасайды. Сонымен қатар, қолөнер бұйымдары бұрышында түрлі кәдесыйлар жасауды үйреніп, зағиптарға арналған үстел тенисінде бір сәт көңіл сергітеді.

Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты

Сондай-ақ мұнда йога орталығы да жұмыс істейді. Оған қоса, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін ойнап, үйренуге барлық жағдай жасалған. Мамандардың айтуынша, орталық ашылғалы бері 3 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілген.

Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты

Одан кейін, құрметті қонақтар «Ардагерлер үйінде» болды.

Ардагерлерімізге құрмет көрсету, оларға жағдай жасау мақсатында, 2021 жылы шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен ашылған орталық бүгінде қала ақсақалдарының сүйікті демалыс орнына айналған. Бұл орталықта қариялар спортпен шұғылданып, тұз шахтасының, сенсорлық бөлме мен интернет-кафе, йога, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы ойынын ойнап, массаж, кітапхана қызметін тегін пайдаланады.

Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты

Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – қариялар мен ардагерлерге, ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Арыста мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орталықтардың ашылуы қуантты. Қариясын құрметтеген елдің қашанда болашағы жарқын, мерейі үстем болары анық. Балалар мен аға буын өкілдеріне қамқорлық танытып, қолдау көрсеткен Арыс халқы көпке үлгі, – деді сенаторлар.

Өз кезегінде қала басшысы Гүлжан Мамытқызы еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, халқымыздың болашағы үшін тер төккен алдыңғы буын аға-апаларымызға деген құрмет жүйелі түрде жалғасын табатынын айтып, қадірлі қонақтарға алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы