Орал – Атырау тас жолы жөнделеді

25 Наурыз 2022, 01:37
2228
Бөлісу:
Орал – Атырау тас жолы жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал – Атырау бағытындағы республикалық автожолды жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр.

Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының маманы мәлімдеді.

Келісім-шарт мерзімі 26 айға жасалған. Алайда тапсырыс беруші ұйым жобалаушы кәсіпорыннан тиісті жұмыстарды уақытынан бұрын аяқтауды сұрады. Күре жолдың бойында көлік апаты жиі тіркеледі. Сондықтан жаңғырту жобасы аясында трассаға қосымша 2 жолақ салынады. Қарама-қарсы жолақтар арасын қоршаумен бөлу жоспарланған. Сондай-ақ мал өтетін жерасты өткелдері болады.

Орал – Атырау трассасының БҚО-дағы бөлігі 303 шақырым. Біз сол жолды жөндеуді көздеп отырмыз. 8 учаскеге бөлінеді. Оның біреуі Орал қаласының оңтүстік-батысындағы айналма жол. Жобалау жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, негізгі жұмыстарға көшу жоспарда, – деді . «Қазавтожол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев.

Өзгелердің жаңалығы