Қазақстанның іскер әйелдері Дубайда өз жобаларын таныстырды

25 Наурыз 2022, 11:45
1254
Бөлісу:
Қазақстанның іскер әйелдері Дубайда өз жобаларын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамын тойлау аясында EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильонының алаңында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері қатысқан іс-шара өтті. Бұл туралы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық делегация құрамында шағын және орта бизнестің түрлі салаларының өкілдері бар: білім беру, құрылыс, астық индустриясы, туризм, баспа, тігін өндірісі, қонақ үй-мейрамхана бизнесі.

Презентация барысында әйелдер еліміздің өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан бизнес пен әлеуметтік жобаларды талқылады.

Іс-шара Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысушылары үшін тәжірибе алмасуға және әлеуетті серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Павильон ашылғалы бері оған 1,4 млн-нан астам адам келгенін, ал оның алаңында 50-ге жуық іскерлік және мәдени іс-шаралар өткізілгенін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы