Алматыда жазушы және сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды

25 Наурыз 2022, 14:00
2328
Бөлісу:
Алматыда жазушы және сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдың құрметіне орнатылған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Бұл тарихи маңызды шешім – бүгін аса көрнекті театр ұйымдастырушысына және сыншысына, қазақ өнерінің шынайы жанкүйеріне ескерткіш тақта орнатылады. Әшірбек ағаның шығармашылық өмірі біздің сүйікті қаламызбен тығыз байланысты. Оның есімі, мұрасы халқымыздың жадында, шәкірттерінің есінде мәңгі қалады, – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Алматыда жазушы және сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды

Театр сыншысын еске алуға танымал өнер қайраткерлері, оның ішінде, жазушылар мен артистер- Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Ұлықбек Есдәулет, Медетбек Темірхан, Нұрлан Оразалин, Есмұхан Обаев, Елубай Смағұл, Қали Сәрсенбай, Хафиз Есімов, Бақыт Бөкебай, Еркін Жуасбек, Талғат Есеналиев және басқалары келді.

Мемориалдық тақта белгілі театр сыншысы 1980-1999 жылдар аралығында 20 жылға жуық тұрған Жібек Жолы даңғылы, 12А (С. Мәуленов көшесінің қиылысы) мекенжайындағы үйдің қабырғасына орнатылды.

Алматыда жазушы және сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды

Әшірбек Сығай Қазақстанның сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосты, қазақ театртану ғылымының негізін салушылардың бірі, «Іңкәр шақ» (1978), «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Сахна саңлақтары» (1998), «Театр тағылымы» (2003), «Ән - тағдыр», «Таңғажайып театр» тағы басқа шығармалардың авторы. Оның еңбектері өнер және театр теориясы саласындағы оқулықтарға айналды.
 

Өзгелердің жаңалығы