Былтыр 20-ға жуық астаналық жасөспірім туберкулез жұқтырды – СЭС өкілі

25 Наурыз 2022, 15:39
1745
Бөлісу:
Былтыр 20-ға жуық астаналық жасөспірім туберкулез жұқтырды – СЭС өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева хабарлады. 

Оның айтуынша, былтыр жасөспірімдер арасында туберкулездің 15 жағдайы тіркелді. 

Былтыр 2020 жылғы 17 жағдайға қарағанда, сырқаттанушылық көрсеткіші 2 жағдайға төмендегені байқалады. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық процесс ішінде 14 жасқа дейінгі балалар да бар. Аталған топ бойынша -31 жағдай тіркеліп, 8,5 көрсеткішті құрады. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 жағдайға өскендігін көрсетті, - деп атап өтті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі.

Сонымен қатар ол балалар арасында туберкулездің алдын алу шараларына тоқталды. 

Балалар туберкулезінің алдын алу негізгі әдістеріне БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинация жатады. Профилактикалық екпенің ұлттық күнтізбеге сәйкес вакцинация бала өмірінің алғашқы бірінші-төртінші күнінде қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда перзентханада жасалады. БЦЖ вакцинасы адамның жалпы денсаулығына қауіпті емес жергілікті туберкулез процесінің дамуын қамтамасыз ете отырып, тері ішіне енгізіледі. Нәтижесінде организм микобактерия туберкулезіне қарсы ерекше иммунитетті дамытады. Бұл вакцинациядан кейінгі иммунитеті  микобактериялармен кездескенде мүлдем ауру жұқпайтынын немесе инфекцияны жеңіл түрде өткізетінін білдіреді. БЦЖ екпесінен кейінгі иммунитет орта есеппен 5 жыл сақталады, - деді Жанна Пірәлиева. 

Сондай-ақ ол пайда болған иммунитетті қайта көтеру үшін ревакцинация   баланың 6-7 жасында жүргізілетінін алға тартты. 

2021 жылы қаланың перинаталдық орталықтарында барлығы 33 645 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 30 845 сәби перзентханада туберкулезге қарсы екпе алды. Қамтылғандар үлесі 91,7%-ды құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 31 225 нәресте дүниеге келіп, оның 28 567-ы, яғни 91,5%-ы егілді. 2021 жылы емхана учаскілерінде туберкулезге қарсы екпемен 1140 бала қамтылып, туберкулезге қарсы вакцинация кала бойынша – 93,8% құрады, - деді ведомство басшысының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы