Кеген ауданында 36 отбасыға баспана кілті табысталды

25 Наурыз 2022, 19:53
1890
Бөлісу:
Кеген ауданында 36 отбасыға баспана кілті табысталды

Алматы, BAQ.KZ. Биылғы Наурыз Алматы облысы Кеген ауданы тұрғындары үшін жағымды жаңалығын ала келді. Мереке күні көп балалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы болды. Осылайша, 36 отбасы жаңа жылда баспаналы болды. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпарат орталығы хабарлады.

Жалпы құны 878 миллион теңге болатын жобаны «Құрылысшы – ТБС» мердігер компаниясы салып шыққан. Ал, үйлерге абаттандыру жұмыстарын «Каз Lux Строй» ЖШС-нің  мамандары жүргізген. 3 бөлмелі үйлер жылы әрі, жарық.

Осы күнге жеткенімізге өте қатты қуаныштымыз. Осы үйді салып беріп, енді бізге табыстап жатқан барлық жандарға тұрғындар атынан алғыс айтамын. Енді, жаңа үйімізде тек қана жақсылық болсын, - дейді ауыл тұрғыны Индира Телақынова.

Шара соңында Кеген ауданының әкімі Талғат Байедилов  ауыл тұрғындарын  Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
 

Өзгелердің жаңалығы