Алексей Милюк жақын арада қазақ тілін меңгеріп алуға уәде берді

25 Наурыз 2022, 15:26
1880
Бөлісу:
Алексей Милюк жақын арада қазақ тілін меңгеріп алуға уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк баяндамасын ресми тілде жасады. 

Брифингке қатысқан журналистердің бірі Мадина Жатқанбаева мемлекеттік тілде баяндама болмағанына қатысты сын айтты. 

Сыныңыз орынды, қабылдаймын. Мен өз тарапымнан ресми түрде мәлімдеймін. Жақын арада мемлекеттік тілді меңгеріп алуға уәде беремін, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы