Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

25 Наурыз 2022, 20:45
2020
Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери ведомствода ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен протоколдық кездесуі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы