«Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты

25 Наурыз 2022, 11:58
1159
Бөлісу:
«Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қарағанды облысында «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ресми сайты.

Шахта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорны болып табылады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиға 24 наурызда болды.

«Саран» шахтасында 1965 жылы туған кенші тау-кен массасының құлауы салдарынан қаза тапты.

Кәсіпорында комиссия жұмысын бастады. Жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы