Ақпан айында ЭЕБ-да түйіндемелер саны 22%-ға азайды

25 Наурыз 2022, 10:01
1527
Бөлісу:
Ақпан айында ЭЕБ-да түйіндемелер саны 22%-ға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) 72,3 мың бос жұмыс орны және 54,6 мың түйіндеме орналастырылған. Мәселен, ақпан айында бос орындар саны 5,9%-ға өсті, ал жарияланған түйіндемелер саны 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 22,2%-ға төмендеді.

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Егер ағымдағы жылдың қаңтарында ізденушілер орналастырған түйіндемелердің саны бос орындар санынан 1,9 мыңға асып кетсе, ақпан айында бос орындар мен жұмыс іздеп жүрген адамдар арасындағы алшақтық бос орындар пайдасына 17,7 мыңды құрады. Өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос орындар саны 4 мыңға өсті, ал түйіндеме 15,6 мыңға азайды.

Ақпан айында өңірлік талдау тек бес өңірде ЭЕБ-те бос орындар санының төмендегенін көрсетеді – Шымкент қаласында (-37% немесе 1,3 мың бос жұмыс орынға), Жамбыл облысында (-14% немесе 400 бос жұмыс орынға), Нұр-Сұлтан қ. (-13,7% немесе 1,3 мың бос жұмыс орны), Қызылорда (-12,3% немесе 200 бос жұмыс орынға) және Ақтөбе (-6,5% немесе 180 бос жұмыс орынға) облыстарында. Сұраныстың ең жоғары өсімі Маңғыстау (+56,4% немесе 1 мың бос жұмыс орны), Павлодар (+36% немесе 1,3 мың бос жұмыс орны) облыстарында, Алматы қаласында (+32,4% немесе 1,8 мың бос жұмыс орны) және Ақмола облысында (+23,4% немесе 500 бос жұмыс орны) байқалды.

Ізденушілер тарапынан белсенділіктің ең көп төмендеуі Алматы қаласында (-3,3 мың немесе -49,4%), Қызылорда облысында (-3,3 мың немесе -47%), Жамбыл облысында (-2,4 мың немесе -42%) және Шымкент қаласында (-2 мың немесе -42%) байқалды.  

Бұл ретте біліктілігі жок еңбек ресурстарына сұраныс қатты өзгерістерге ұшыраған жоқ, ал ұсыныс өткен аймен салыстырғанда 33%-ға қысқарды. Білікті кадрларға сұраныстың ең көп өсуі автомобильдер мен автобустардың жүргізушілеріне, буып-түюшілерге, технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарьларға және технологиялық жабдықтарды монтаждаушыларға байқалды. Ал өткен аймен салыстырғанда бос жұмыс орындары шет тілі мұғалімдері, тас қалаушылар, call-орталық операторлары және құрылыстағы электршілер үшін аз орналастырылды, – деді ЕРДО басқарушы директоры Александра Молчановская.

Алдыңғы кезеңдердегідей, ЭЕБ - де білікті қызметкерлер арасында күзетшілердің (1452 бос орынға қарсы 703 түйіндеме), медбикелер/мейіргерлердің (811 түйіндеме және 1554 бос орын), тәрбиешілердің (705 түйіндеме және 1441 бос орын) тапшылығы байқалды. Сонымен қатар заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дене шынықтыру мұғалімдері арасында артықтық байқалады.

Тапшы кадрлар бойынша өңірлік теңгерімсіздікті де атап өтуге болады. Мәселен, күзетшілердің ең көп жетіспеушілігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды, ал Маңғыстау облысында керісінше көп. Өңірлер бойынша бөлудің ұқсас жағдайы орта медициналық персонал, сондай-ақ тәрбиешілер үшін де қалыптасуда. Алайда Түркістан облысы мен Шымкентте медбикелер/мейіргерлердің саны артып, барлық дерлік облыстарда медбикелер тапшылығы байқалады, – деді Александра Молчановская.

Ақпан айында жұмыс берушілер басшылық лауазымдар үшін ең жоғары жалақы ұсынды, осы кәсіби топ бойынша айына 540 мың теңгеден басталатын ұсыныспен жұмыс табуға болады. Сондай-ақ, ақпан айында жоғары ақы төленетін мамандықтарға сұраныс бойынша жаттықтырушыларды (тренингтермен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен айналысатын) жатқызуға болады – оларға айына орта есеппен 525 мың теңге, маркшейдерлерге – 513 мың теңге, корпоративтік мамандарға – 474 мың теңге, өндірісті дайындау инженерлеріне – 419 мың теңге ұсынылды.

Бұрынғыдай, ең үлкен сұранысты шағын, орта және ірі кәсіпорындар құрады – барлық сұраныстың 85%. Ал гендерлік бөліністегі еңбек ұсынысы іс жүзінде тең: әйелдер түйіндемесінің үлесі ЭЕБ жалпы ұсынысының 51% - ын құрады.

Осылайша, бір айдан кейін жұмыс берушілер арасында экономикалық белсенділіктің жандануы байқалады. Бұл ретте нарықта кәсіптер бөлінісінде бос орындар мен түйіндемелер бойынша сұраныс пен ұсыныс айтарлықтай өзгермейді – бұрынғысынша трендте орта медициналық персонал мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы