Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты

25 Наурыз 2022, 11:50
1253
Бөлісу:
Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты. 

Аталған жинақта Мемлекет басшысының ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған.

Сонымен қатар кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдаулары енді. Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты көрермендерге ұсынып отыр.

Сондай-ақ жинақта Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттер берілді. Кітапта жарияланған материалдарды қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат деп санаймыз. 

Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.

Өзгелердің жаңалығы