Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығы атап өтілді

25 Наурыз 2022, 05:30
2001
Бөлісу:
Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығы атап өтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іс-шараны елордадағы Үндістан елшілігі және Свами Вивекананда мәдени орталығы ұйымдастырды. Оған Қазақстандағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати, шетелдік елшілік өкілдері, журналистер қатысты.

Қазақстанда тұратын Үндістан азаматтары қос ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту үшін елордадағы Үндістан елшілігінің қолдауымен Астана Үнді қауымдастығы түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы, әрі Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай Холи мерекесі өтті, – деді елшілік өкілі.

Айта кетейік, Холи – Үндістанның жарқын бояулармен әспеттелетін мерекелерінің бірі.

Өзгелердің жаңалығы