Министр жауабы: Бензин бағасы арзандауы мүмкін бе?

25 Наурыз 2022, 12:28
1434
Бөлісу:
Министр жауабы: Бензин бағасы арзандауы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармай бағасы арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Бензин бағасы бойынша біз ТМД ғана емес әлемде арзандығы бойынша бес елдің қатарына кіреміз. Жалпы Қазақстанда мұнай өнімдерінің бағасы арзан деп айтуға болады. Тіпті бұл бестікте  нарықтық қатынастары мүлдем жоқ мемлекеттер бар, - деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар  Энергетика министрі еліміздегі электр желілерінің жаңартылатынын айтты.

Қазіргі таңда біз аудит жүргізудеміз. Бүкіл электр жүйелерінің сапаларын қарап, қандай электр желілерін ауыстыру қажеттігін анықтаудамыз. Бұл аудитты аяқтаған соң біз арнайы бағдарлама енгіземіз. Сол бағдарлама арқылы нақты іс-шараларға көшеміз. Бірақ тек бюджеттен қамтымаймыз. Себебі кейбір электр желілері жекенің қолында. Сол себепті қаражат бөлу жағын жан-жақты қарастырумыз керек. Ол аудит аяқталғансоң нақтыланып, баяндама жасалады, -деді ведомства басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы