Алматыдағы №4 ауруханада кардиология бөлімшесі ашылды

25 Наурыз 2022, 18:45
2009
Бөлісу:
Алматыдағы №4 ауруханада кардиология бөлімшесі ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Түрксіб және Жетісу аудандары тұрғындарының тілектерін ескере отырып, енді жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы бар науқастар жақын жерден білікті, жоғары технологиялық кардиологиялық медициналық көмек ала алады.

2022 жылғы наурыздың 25-інен бастап ШЖҚ «№4 қалалық клиникалық аурухана» МКК негізінде 30 төсек-орындық кардиология бөлімшесі жұмыс істей бастады.

Бөлімшеде заманауи медициналық технологиялар – ЭКГ, ЭхоКГ, Холтер, АҚТМ, УДЗ, КТ, МРТ, рентгендік диагностика, эндоскопиялық зерттеулер және зертханалық диагностиканы қолдана отырып, науқастарды кеңейтілген тексеруге, диагнозды нақтылауға және дәлелді медицина принциптеріне негізделген адекватты терапия таңдауға барлық мүмкіндіктер бар.

Алматыдағы №4 ауруханада кардиология бөлімшесі ашылды

Кардиология бөлімшесінде көрсетілетін қызметтер:

1. Жедел коронарлық синдром, тұрақсыз стенокардия, гипертониялық криз және т.б. коронарлық ангиографиямен стенттеу диагнозымен жедел науқастарды консервативті және кардио-интервенциялық емге ауруханаға жатқызу.

2. Стент қою арқылы жоспарлы коронарлық ангиографияға жоспарланған науқастарды госпитализациялау.

3. Кардиореабилитацияға жоспарланған науқастарды госпитализациялау.

№4 қалалық клиникалық аурухана 2021 жылдан бастап халыққа кардиологиялық және интервенциялық кардиологиялық көмек көрсете бастады. Халық арасында травматологиялық емхана ретінде танымал төртінші қалалық аурухана көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге бет бұрды.

Осылайша, 2021 жылғы сәуірдің 1-інде «Azurion PHILIPS» заманауи ангиографиялық қондырғысымен жабдықталған және рентген-эндоваскулярлық араласулардың барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология (РЭХжК) бөлімшесі ашылды. Мұнда бір жыл ішінде 240 науқас емделді. Оталардың келесі түрлері жасалды: коронарлық артерияларды стенттеу – 114; 2 камералы кардиостимуляторды имплантациялау – 3; МРТ үйлесімді, жатыр артериясын эмболизациялау – 14, радиожиілік абляция – 2.

Алматыдағы №4 ауруханада кардиология бөлімшесі ашылды

2022 жылы №4 қалалық клиникалық аурухана негізінде ҚЖА (қан айналымы жүйесі аурулары) бойынша реанимацияға 12 төсек-орын бөлінді.

Бұл реанимация бөлімінде кіші инвазивті араласудан кейін гемодинамикалық көрсеткіштерге (ЭКГ, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі) тәуліктік бақылау және науқастардың қарқынды терапиясы жүргізіледі.

Одан кейін науқас емделуді кардиология бөлімшесінде жалғастырады.
 

Өзгелердің жаңалығы