Владимир Жириновский қайтыс болды – ресейлік БАҚ

25 Наурыз 2022, 14:55
1325
Бөлісу:
Владимир Жириновский қайтыс болды – ресейлік БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік БАҚ-та Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Владимир Жириновский бүгін сағат 10.45-те қайтыс болды. Саясаткер соңғы күнін комада өткізді, - деп хабарлады Mash телеграм арнасы.

РИА Новостидің хабарлауынша, сенатор Пронюшкин Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Жириновскийдің қайтыс болғанын растады. 

Саясаткер 75 жаста болатын. Айта кетейік, Жириновский 2 ақпанда COVID-19 диагнозымен ауруханаға түскен.

Өзгелердің жаңалығы