Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты

25 Наурыз 2022, 17:40
2157
Бөлісу:
Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арыс қаласына арнайы сапармен келген Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Арыс қаласына қарасты Ақдала елді мекеніндегі жылыжай кешенін аралап, жеке кәсіпкер Рақымжан Кенжебаевтың кәсібімен танысты, деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Аумағы 4 гектар жерге жылыжай кешенін салған кәсіпкер биыл қызанақ егіп, 100 тонна өнім алуды көздеп отыр. 10 жылдан бері жылыжайда өнім өндіріп, несібесін тауып отырған жігіт осы кезге дейінгі тәжірибесімен бөлісіп, сенаторлармен пікір алмасты.

Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты

Бүгінгі таңда жердің құнарлылығын арттыру үшін биогумус өндіру ісін кеңінен қолға алғанымыз жөн. Соны кеңінен пайдалану арқылы мол өнім алуды насихаттайық, – деді Әли Әбдікәрімұлы.

Өз кезегінде кәсіпкер бұл бағыттағы жұмыстар бойынша өңірдегі кәсіпкерлермен етене байланысып, жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ал қала әкімі Гүлжан Мамытқызы топырақ құнарын арттыру үшін Монтайтас ауылының кәсіпкерлері биогумус өндірісін қолға алып жатқанын атап өтті.

Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты

Біз биыл ауыл шаруашылығы саласында тамшылатып суару арқылы, «тіршілік көзін» үнемді пайдалануға басымдық беріп отырмыз. Диқандарымызға да осыны айтып, көпшілікке түсіндіріп келеміз, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, жылыжай ішінде болған талқылау барысында тараптар ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығы да сөз болды. Бұл ретте агроном, гидротехник, бағбан, зоотехник, селекционер сияқты маман иелерін тапшы екені сөз болды.

Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты

Өздеріңіз білесіздер, қаламызда орта арнаулы маман даярлайтын екі оқу орнымыз бар. Алдағы уақытта біз осы оқу орнында мемлекеттік бағдарламалар арқылы қысқа мерзімдік арнайы курстарда маман даярлауға басымдық беріп отырмыз, – деді Гүлжан Мамытқызы.

Айта кетейік, Арыс өңірін аралаған сенаторлар өңірдегі өзекті мәселелерді сөз етіп, ауылға инвестор тартудың түйткілдерін талқылады. Осы бағытта заң шығарушы орган тарапынан тиісті деңгейде ықпал етуге әркез дайын екендіктерін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы