Пилоттық аумақтың негізгі проблемаларын талдау 500 бетті құрады - Ысмағұлов

25 Наурыз 2022, 15:10
1323
Бөлісу:
Пилоттық аумақтың негізгі проблемаларын талдау 500 бетті құрады - Ысмағұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жалпы пилоттық аумақтың негізгі проблемаларын талдаудың көлемі 2020 жылы шамамен 500 бетті құрады.Онда қылмыс деңгейі бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, қылмыстың жасалған уақыты мен орны, қылмыскерлер мен құрбандардың әлеуметтік портреті, жасау тәсілдері, келтірілген материалдық залал көрсетілген, - деді ол. 

Ысмағұлов атап өткендей, пилоттық аумақ тұрғындары үшін проблемалық мәселелер мүліктік қылмыстар, оның ішінде пәтер ұрлықтары, қалта ұрлығы  және алаяқтық екені анықталды.

Талданған төрт жыл ішінде 1 236 азамат пәтер ұрлығының құрбаны болды, жалпы шығын шамамен 500 млн  теңгені құрады. Тағы бір өзекті мәселенің бірі – азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі болып табылады. Пәтер ұрлығының 90%-ға жуығын жұмыссыздар жасаған, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы