Все новости за 22 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО тұрғынынан заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолында тоқтатылған көліктен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаянды тапты.
-
Ақтаудағы ауаны ластаған кәсіпорынға 4 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы «Қазазот» зауытына ауаны ластағаны үшін 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Әбдіқалықова жастармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңір жастарымен кездесіп, пікірлесе отырып ұсыныстарын тыңдады.
-
Қоғамдық кеңестердің бірыңғай порталы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Қазақстанда қоғамдық кеңестер институтын дамытуға бағытталған жоба іске асырылып жатыр.
-
Тоқаев: Біз ғаламдық деңгейдегі әлеуетті арттыруға назар аударуымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда керлингтен әлем кубогы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-26 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Алматы-Арена» мұз сарайында керлингтен Әлем Кубогы (20-th Nazarbayev Curling Cup WCT Mixed Doubles 2021) өтеді.
-
Қазақстан шарабы енді Еуропада еркін сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біз өзіміздің экспорттаушыларымыз үшін тағы бір тарифтік емес кедергіні алып тастадық. Еурокомиссия ҚазСтандартты шарап сертификаттау жөніндегі құзыретті органдар тізіміне енгізді. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп хабарлады.
-
Цой Австрияның Елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Австрияның ҚР-дағы Елшісі Вилли Кемпелмен кездесу өткізді.
-
Әкім: Ақтоғай ауданында шешімін таппай отырған мәселе көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің тұрғындарымен кездесті. Бұл кентте тұрғындар тарапынан наразылық тудырып келе жатқан көптеген мәселелер бар.
-
Елімізде халықаралық әуе рейстері қайта қалпына келтіріле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап елімізде аптасына 114 рейсті орындау бойынша 16 елмен тұрақты халықаралық бағдар санын ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді.
-
Елордада күн сайын 1000 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау жұмыстарын қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.
-
Қарин Мемлекет басшысы өткізген кеңесте қандай мәселелер көтерілгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласына арнайы барып, Маңғыстау өңірін дамыту мәселелері жөнінде өткізген жиын барысында талқыланған мәселелер жайлы айтты.
-
Тоқаев туристік кластерді дамытуға арналған жобалармен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізі жағалауындағы туристік кластерді дамытуға арналған жобалар таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың ІІ тобын оқыту басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, Алматыда CST бағдарламасы бойынша ата-аналарды дамуында ерекшеліктері бар балаларға күтім жасау дағдыларына оқыту үшін жаттықтырушылардың екінші тобын дайындауды бастады.
-
Мектеп мұғалімдерін санақ өткізуге кім міндеттеп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ауқымды науқан – халық санағы өтіп жатыр. Қазіргі күні санақтан кез келген қазақстандық онлайн өте алады. Ал қазан айынан бастап интервьюерлер әр үйді аралап, санақтан өтпегендерді тіркейді.
-
Қасымбек Шет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шет ауданында жұмыс сапарымен жүрмін. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу барысымен таныстым, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Facebook-тегі парақшасында.
-
Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды.
-
Алматы облысында садақ атудан ел үздігі анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Мұнайдан түскен табыстың қанша пайызы Қазақстанда қалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында Қазақстан мұнай газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов елімізде мұнайдан түскен табыстың қанша пайызы Қазақстанда қалады деген сұраққа жауап берді.
-
Пен: ЖОО сапасын бақылау үшін аналитикалық платформа әзірлеп, енгізу қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары оқу орындарын бақылаудың сапасын арттыру үшін аналитикалық платформа қажет. Бұл туралы елордада өткен Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысында КАЗГЮУ университетінің провосты (ректоры) Сергей Пен мәлімдеді.
-
Ұлттық санақтан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санақтан онлайн өткендер қатары 5 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 26,3%-ті құрады.
-
Қазақстанның мұнай қоры бойынша 4-орынға көтерілуге қауқары бар – Жақсылықов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында Қазақстан мұнай газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов еліміздің мұнай саласы туралы сөз қозғады.
-
Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
-
Ниязов 8 ай ішіндегі жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелерін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов мәлім етті.
-
Шығыс Қазақстанда халықтың 90%-ы вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов хабарлады.
-
COVID-19: Шығыс Қазақстанда 400-ге жуық оқушы індетке шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов хабарлады.
-
Алматыда креативті онлайн форум өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты.
-
Шығыс Қазақстанда пневмониядан 200-ге жуық адам қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов хабарлады.
-
Павлодар облысында 300 мыңға жуық адам вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады.
-
СOVID-19: Павлодардағы дәрі-дәрмек қоры қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады.
-
Жамбылдық жас кәсіпкер лимон шаруашылығын қалай бастағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 мың қазақстандық білім алды. Түлектердің бірі – 28 жастағы жамбылдық Данияр Әбдіразақ.
-
Павлодарда мыңнан астам жүкті әйел коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады.
-
«Жетісу» газетінің бас редакторы Талдықорған қаласының құрметті азаматы атанды
Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Талдықорғанда қала күніне орай өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғын Талдықорғанның құрметті азаматы атанды.
-
Алматыда «Креативті квартал» жаңа жобасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
-
Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде мегаполис экономикасы дамуының драйвері шикізат өнеркәсібінен креативті секторға ауысуда.
-
Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 36 ойыншыдан тұратын кеңейтілген тізімді жариялады.
-
Жолын, тетігін көрсетсе, әр істі қолға алып кететін халықпыз – Абылай Мырзахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Бастау Бизнес» жобасының түлектерінің қатысуымен онлайн-форум өтіп жатыр.
-
Әзербайжан жолжазбалары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-12 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің делегациясы туысқан Әзербайжанда болды.
-
Елордада педофил ұсталды. Полиция желідегі видеоға түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Желіде 21 қыркүйекте елорда тұрғындары қыз баланы белгісіз бағытта әкетіп бара жатқан ер азаматты ұстап, полиция шақыртқан видео тарады. Осы оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді.
-
COVID-19. Әлемде жалған вакцинация құжатының саудасы артып барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде жалған вакциналау сертификатының саудасы қызып тұр. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
-
Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.
-
Елімізде көздің қатерлі дертіне шалдыққандарға бірегей ота жасау қолға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Орталық Азияда алғаш рет ретинобластома дертіне ота жүргізу басталды. Көздің қатерлі дертіге шалдыққандар үшін бұл ем көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.
-
Елбасы «Бастау Бизнес» жобасына жоғары баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Бастау Бизнес» жобасының түлектерінің қатысуымен онлайн-форум өтіп жатыр. Аталған іс-шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаның 5 жылдағы жұмысын қорытындылау мақсатында ұйымдастырды.
-
Елордада «Bus Lane» жолағы тағы бір көшеге енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 25 қыркүйектен бастап Мұхамедханов көшесінде Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін «Bus Lane» жолағы іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Каспийде әскери теңізшілер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әскерінде ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасымен өтіп жатқан тексеріс аясында Каспий теңізінің акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелер тобы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
ТЖМ «Қазақмыс» ғимаратының өртену себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
ТЖМ ШҚО-дағы болған өрт туралы мәлімет берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Биыл 7 мыңнан астам өрт болған – Мәдиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Президент Қалжыр өзенін ластаушыларды жауапқа тартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніне қатысты мәселе бойынша тапсырма берді, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
-
Қазақстан Түркияға агроөнімдерді контейнерлермен экспорттайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Түркияға 600 жасымық контейнерін экспорттауға ниетті. Бұл туралы «KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада «JAS NOMAD» жобасы іске асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «JAS NOMAD» жобасының ашылу салтанаты өтті. Байқау ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жоба мақсаты - ұмыт болған дәстүрді жаңғырту.
-
Мәжілісте Семей қаласындағы автопарк мәселесі қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев еліміздегі автобус тасымалындағы проблемаларды атап, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Әлихан Смайловқа депутаттық сауал жолдады.
-
Әскери зейнеткерлердің баспана алудағы мәселесі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Ғазиз Құлахметов әскери зейнеткерлердің проблемасын айтып, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Әлихан Смайловқа депутаттық сауал жолдады. Себебі құзырлы органдардың жауабына қанағаттанбаған.
-
100 жаңа оқулықты аударуға қанша қаражат бөлінген? – Рауан Кенжеханұлы жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифинг кезінде «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасына қанша қаражат бөлінгені жайлы сұраққа жауап берді.
-
Елімізде 600 мың тонна балық өсіретін әлеует бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров айтты. Балық шаруашылығына қатысты мәселе көтерген депутаттың айтуынша, еліміздің халқы жан басына шаққанда балықты аз тұтынатын ел болып есептеледі.
-
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 290 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 1720 жағдайы анықталды, деп хабарлайды оңтүстіккореялық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.
-
Жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенеміз – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Депутат Абасов су тапшылығын шешудің жолдарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Қайнар Абасов ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. Ол жаһандық деңгейде су ресурстарының тапшылығы болжанып отырғанын алға тартты.
-
«Интернет психологиясы», «Бастауыш мектеп мұғалімі»: Қазақ тіліндегі жаңа оқулықтар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы аударылған жаңа кітаптар туралы айтты.
-
Дариға Назарбаева жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Ол жер қойнауын пайдалану саласындағы проблемалардың шешімін таппай келе жатқаны туралы мәселе көтерді.
-
100 оқулық: Қай бағыттағы оқулықтар аударылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифинг кезінде «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтардың бағыты және атауына тоқтала кетті.
-
Мәжіліс депутаты еліміздегі мектептердің сапасына алаңдайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Бауыржан Сартбаев осындай мәселе көтерді. Сондай-ақ ол ҚР Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.
-
100 оқулық: Студенттер қазақ тіліне аударылған кітаптарды онлайн оқи алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы айтты.
-
#Желмая. Қазақстандықтар неліктен арабтар сияқты өмір сүрмейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы - Қазақстан мұнай-газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов.
-
Мәжілісмен: Алматыдағы қайғылы жағдай – несиелеу жүйесіндегі проблемалардың көрінісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Андрей Линник осындай мәселе көтерді. Сондай-ақ ол «Ақ жол» фракциясының депутаттары атынан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың атына депутаттық сауал жолдады.
-
Баталов Талдықорған тұрғындарына пәтер кілтін табыстады
Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Қала күніне орай үй кезегінде тұрған Талдықорған тұрғындарына пәтер кілттері табысталды.
-
Халық санағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 2021 жылғы ұлттық халық санақ нәтижелері, бәлкім, ел тарихындағы маңызды шараларыдң бірі болып табылады.
-
Көшербаев қашықтан оқытатын оқу орындарын заңдастыру керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
-
ФИФА Венгрия құрамасын расизмі үшін жазалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Венгрия құрамасын расизм мен жанкүйерлердің Англия ойыншыларына қарсы әрекеті үшін жазалады. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
-
Аударма арқылы өзге тілден жаңа мазмұн алу өте маңызды – Көшербаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
-
Депутат өңірлердегі дәрігерлердің жетіспеушілігі туралы мәселе көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламенттің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаев айтты.
-
Еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, 23-25 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Талдықорғанда газбен жүретін жаңа автобустар қолданысқа берілді
Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Талдықорғанда қала күніне орай газбен жүретін 32 жаңа қоғамдық көлік жолға шықты.
-
Кітапхана қоры қазақ тіліндегі құнды кітаптармен толықты. Аймағамбетов «100 жаңа оқулық» туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
-
«Канело» баспасөз жиыны кезінде әлем чемпионымен төбелесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) баспасөз мәслихаты кезінде IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) төбелесіп қалды.
-
Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды
Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Талдықорған қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының алдында коронавирус пандемиясымен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған «Аяулы алақан» атты ескерткіш қойылды.
-
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация 21-27 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығының жұмысына қатысуда.
-
Мәжілісте ТМД мемлекеттерінің қарулы күштеріне қатысты заң жобасы мақұлданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.
-
Мемлекет басшысы машина жасаушыларға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы өз жұмысын бастады.
-
«100 жаңа оқулық» «Болашақ» бағдарламасының жалғасы іспеттес – Көшербаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
-
Балаева Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған жобалар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аила Балаева Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
-
Елордада елдегі машина жасаушылардың форумы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22-23 қыркүйекте елордада Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы онлайн форматта өтеді.
-
Шымкентте жаңа монополистке 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-
Елге Ираннан 53 қандас келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қыркүйекте Иран Ислам Республикасынан 53 қандасымыз Нұр-Сұлтан қаласына жетті.
-
ДСМ: 6,2 млн-нан астам адам екпенің екі дозасын да салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 22 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Astana Open ATP 250 турнирін көрермендер тамашалай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ведомствоаралық комиссияның көрермендерді трибунаға жіберу туралы шешімінің арқасында Қазақстан теннис федерациясы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Open ATP 250 турниріне жанкүйерлер жіберіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
8 айда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 114 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айында өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 938 қызметкер зардап шекті, оның 114-і қаза болған.
-
Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет – Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. Бұл бүгінгі үлкен проблема, деп жазды деп жазды Мәжіліс депутаты, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
КВИ мен пневмониядан 59 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 22 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
Еліміздің 7 өңірі «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 317 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 22 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
3 865 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 3 865 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте елімізде 2411 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2411 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қарағандыда 95 жастағы соғыс ардагері вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 95 жастағы соғыс ардагері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ол «Спутник V» екпесін алуды жөн көрген. Ал дәрігерлер болса аталған процедураны ардагердің үйіне барып жүргізді.
-
АҚШ шетелдіктерге қатысты шектеулерді жеңілдетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания мен ЕО елдері АҚШ-тың толық вакцинацияланған шетелдіктерге кіруге шектеулерді алып тастау туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Еuronews.
-
Жамбыл облысында педофил ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меркі ауылында кәмелетке толмаған қыз зорланды.
-
Қазақстанда кедейлер саны көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда кедейшілік деңгейі өткен жылдан бері екі есеге артты. Бұл туралы IFC өкілі Екатерина Бенджамин жеткізді, деп хабарлайды LS.
-
Футбол федерациясы алаңға ауыл балаларын шығарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футбол федерациясы балаларға арналған жаңа жоба бастады. Жоба аясында тек ауыл балалары қатысатын «Ауылымның алаңы» атты жарыстар өтеді.
-
Бейжің-2022: Олимпиада алауын жағу рәсімі көрерменсіз өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімін «COVID-19 қауіп-қатеріне» байланысты оны тек шенеуніктер мен ресми өкілдер бақылай алады, деп хабарлайды Оlympic.kz.
-
Әуе қорғанысы күштерінің әзірлігі тексерілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскерлерді тексеру аясында «Оймаша», «Көктал», «Шығыс» және «Сарышаған» полигондарына Әуе қорғанысы күштерінің майдандық, әскери-көліктік және армиялық авиация экипаждары жұмылдырылды.
-
«Талибан» қыздардың мектепке қашан оралатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» өкілі мен Ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид ауған қыздары мүмкіндігінше тезірек мектептердегі оқуларына оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды TOLO News.
-
Мектептерде вакцина шашып жүргені рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина» шашады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Автордың айтуынша, осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейеді, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Наверх